ЖАСЫЛ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ БАҒАЛАУ: ҚОНАҚ ҮЙЛЕР САЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
жасыл қонақүй, жасанды интеллект, тұрақты даму, инновациялық технологиялар, Green Innovation Intelligence Index (GIII), тұтынушы қабылдауы, эко-бренд, туризмАңдатпа
Қазіргі мейрамхана және қонақүй индустриясында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын интеграциялау қажеттілігіне ерекше назар аударылуда. ЖИ қонақүйлерде ресурстарды оңтайландыруға, «жасыл практикаларды» тұтынушылар үшін тартымды әрі қолжетімді етуге, сондай-ақ экологиялық және брендке саналы көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл мақалада ЖИ негізіндегі экологиялық технологияларды енгізу деңгейін және олардың тұтынушылар тарапынан қабылдануын бағалауға бағытталған Жасыл инновациялар интеллектуалды индексі (Green Innovation Intelligence Index, GIII) концепциясы ұсынылады.
Зерттеу American Innovation Index (AII) моделін «жасыл қонақжайлылық» контекстіне бейімдеу негізінде жүргізілді. Жасанды интеллект энергия үнемдеу, ресурстарды басқару және тұтынушылардың мінез-құлқын талдау сияқты үдерістерді автоматтандыратын, сонымен қатар экологиялық бастамалардың тартымдылығын арттыратын құрал ретінде қарастырылады. GIII индексі қонақүй индустриясындағы инновациялық технологиялар мен тұтынушылардың қабылдауы арасындағы өзара байланыстарды бағалауға мүмкіндік береді.