ҚАЗІРГІ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯДАҒЫ БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАРДЫ БАСҚАРУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІҢ РӨЛІ

Авторлар

  • А. ДОШАН М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • А. АХЕЛОВА М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Ж. САДЫКОВ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, туризм индустриясы, бірлескен кәсіпорындар, басқару тиімділігі, туристік қызмет, стратегиялық басқару

Аңдатпа

Бұл мақала қазіргі туристік индустриядағы бірлескен кәсіпорындарды басқаруда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың тиімділігін талдауға арналған. Зерттеу Түркістан облысындағы туристік бағыттағы бірлескен кәсіпорындардың нақты басқару тәжірибесіне негізделіп, сандық және сапалық әдістердің үйлесімі арқылы жүргізілді. Деректерді жинау барысында 120 туристке сауалнама жүргізіліп, 15 кәсіби гидпен жартылай құрылымдалған сараптамалық сұхбаттар алынды, сондай-ақ кәсіпорындардың басқару тәжірибесіне казус талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері онлайн брондау жүйелері, аналитикалық платформалар, чат-боттар мен виртуалды гидтер сияқты ЖИ құралдарының қызмет көрсету сапасын арттыруға, басқару процестерін жеделдетуге және серіктестер арасындағы үйлестіруді жақсартуға оң әсер ететінін көрсетті. Туристердің қанағаттану деңгейінің жоғары болуы ЖИ технологияларының бәсекелік артықшылық факторы ретінде қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді. Сонымен қатар, ЖИ қолданудың белгілі бір шектеулері – бастапқы инвестиция көлемі мен кадрлардың цифрлық құзыреттілігі – анықталғанымен, орта мерзімді перспективада олардың басқару тиімділігінің артуы арқылы өтелетіні анықталды. Зерттеу нәтижелері туристік индустриядағы бірлескен кәсіпорындарды басқару тәжірибесіне ЖИ технологияларын стратегиялық деңгейде енгізу бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеуге негіз болды.

Жарияланды

2025-12-30