МӘДЕНИ МЕЙМАНДОСТЫҚ – МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • А. РИЗАХОДЖАЕВ Орталық Азия инновациялық университеті
  • Н. БАТЫРОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • С. ЫДЫРЫС Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Қ. ДАУЫЛБАЕВ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Кілт сөздер:

мәдени меймандостық, мәдени-танымдық туризм, туристтік тәжірибе, қанағаттану деңгейі, дестинацияға адалдық

Аңдатпа

Мақалада мәдени меймандостықтың мәдени-танымдық туризмді дамытудағы рөлі эмпирикалық тұрғыда зерттелген. Зерттеу Түркістан қаласындағы мәдени-танымдық объектілерге барған 80 туристтің тәжірибесіне негізделген. ATLAS Cultural Tourism Questionnaire (2021) сауалнамасы қолданылып, жергілікті ерекшеліктерге бейімделген. Деректер SPSS бағдарламасында валидтілік тестілеуі, сипаттамалық статистика, корреляциялық және регрессиялық анализ арқылы өңделген. Нәтижелер туристтердің мәдени меймандостық тәжірибесін жоғары бағалағанын, әйел туристтердің бұл тәжірибені ерлерге қарағанда жақсы бағалағанын көрсетті. Сонымен қатар, мәдени меймандостық туристтердің дестинацияға қанағаттануына және қайта келу ниетіне айтарлықтай әсер ететіндігі анықталды. Зерттеу Түркістан қаласындағы мәдени танымдық туризмді дамытуда мәдени меймандостықты негізгі фактор ретінде қарастыру қажеттілігін дәлелдейді.

Жарияланды

2025-12-30