ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТУРИСТІК ӨНІМ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • К. НУРАШЕВА Қазақ спорт және туризм академиясы
  • M. МӘУЛЕТҚАЗЫ Қазақ спорт және туризм академиясы
  • A. МАДЫШЕВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ж. ОМАРХАНОВА С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

Кілт сөздер:

туризм, инновация, туристік өнім, бірегей өнім, әлеует, жасау, тарту.

Аңдатпа

Қазақстанның туризм саласы белсенді түрде дамып келеді және инновациялық идеялар мен технологияларды енгізу оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Жаһандық бәсекелестік пен туристердің сұраныстарының өзгеруі жағдайында инновациялық туристік өнім (ИТӨ) әзірлеу өзекті мәселеге айналды. Мақалада цифрлық және интерактивті технологиялар, экотуризм, виртуалды және толықтырылған шынайылықты қолданудың сәтті мысалдары қарастырылады. Атап айтқанда, тарихи нысандар бойынша интерактивті турлар ұйымдастыруға арналған «Цифрлық Шымкент» жобасы талданады. Сонымен қатар, экологиялық туризм бағыттарын дамытудың маңыздылығы атап өтіледі. Қазақстан, Франция және Түркия туризмінің көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасалып, отандық саланың әлсіз және күшті тұстары анықталған. Мақалада инновациялық туристік өнімдерді дамытудың бағыттары ұсынылады: қызметтерді цифрландыру, мәдени мұраны ілгерілету, тұрақты туризмді қолдау және бірегей маршруттарды әзірлеу. Елдің халықаралық тартымдылығын арттыру мақсатында материалдық емес мәдени мұраны туризмге интеграциялау қажеттігі көрсетіледі.

Жарияланды

2025-06-30