МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА "КЕНДІРЛІ" КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кілт сөздер:
Маңғыстау, Кендірлі, кластер, туризм, SWOT, MICEАңдатпа
Нарықтық экономика жағдайында көптеген кәсіпорындар өкілдері өз бизнесін дамыту және бәсекеге қабілеттілікті сақтау үшін инновациялық тәсілдерді іздеуде. Бұл бағытта туризм индустриясында инновациялық қызметті ынталандыру мақсатында кластерлеуге назар аудару маңызды болып табылады.
Маңғыстау облысы аумағында әртүрлі табиғи ресурстар мен климаттық жағдайлардың болуы туристік қызмет көрсету үшін негіз бола алатын және инфрақұрылымды есепке алуды талап ететін туризмнің әртүрлі нысандарын қамтитын туристік кластерлерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұнда келуші туристер мен саяхатшыларда құмды жиектер жеткілікті Каспий жағалауы үлкен қызушылық тудырады. Осыған орай күн сәулесі мен суда жүзуге көп көңіл аударушылар үшін ерекше орын ретінде – Кендірлі туристік-рекреациялық кластерін ұйымдастыру таңдалған.