АГРОТУРИЗМНІҢ АУЫЛДЫҚ АЙМАҚТЫ ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ
Кілт сөздер:
уризм, агротуризм, ауылдық аймақтар, агротуризм әсері, туристік ресурстарАңдатпа
Агротуризмнің ауылдық аймақтарды дамытудағы маңызды рөл атқаратыны ғылыми еңбектерде көп сараланған. Мақала агротуризмнің ауылды дамытуға қосатын экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерлерін талдайды. Агротуризм ауыл шаруашылығын қолдап, жергілікті өнімдердің нарыққа шығуына ықпал етеді, жұмыс орындарын құрады, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі мәдени мұраны сақтау мен қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайтуға ықпал етеді. Қазақстанда агротуризмнің даму әлеуеті зор, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жақсартып, жастардың тұрақтап қалуына мүмкіндік береді. Мақалада агротуризмнің ауылды дамытудағы стратегиялық маңызы да қарастырылған, оның ауылдық өмір сапасын арттыру және ауыл шаруашылығы мен туризмді үйлестіру арқылы ауыл аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері қарастырылған.