АУЫЛ ТУРИЗМНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫНА ӘСЕРІ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, ауыл туризм, кәсіпкерлік, табыс көзіАңдатпа
Бұл мақалада Түркістан облысы ауылдық аймақтарында ауыл туризмнің дамуы мен оның ауыл тұрғындарының табысына тигізетін ықпалы қарастырылды. Түркістан облысы табиғи-климаттық жағдайларының қолайлылығы, тарихи-мәдени ескерткіштерінің молдығы және ауыл шаруашылығының кең таралуы сияқты факторлармен ауыл туризмді дамытуға қолайлы аймақ болып саналады. Зерттеу барысында ауыл туризмнің табыс көздерін қалыптастырудағы рөлі, ауыл тұрғындарының ауыл туризмге қатысу деңгейі және ауыл туризмдегі қызметтердің экономикалық тиімділігі талданды. Жасалған жұмыстар негізінде алынған деректер ауыл туризмнің ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көзі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Ғылыми мақаланың аясында ауыл туризмнің Түркістан облысындағы ауыл тұрғындарының табысына әсерін зерттеу үшін әдебиетке шолу және салыстырмалы талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды. Мақалада ауыл туризмді дамытудың негізгі кедергілері мен шектеулері де атап өтіліп, оны шешу жолдары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері ауылдық аймақтарда тұрақты табыс көздерін қалыптастыру, жұмыссыздықты азайту және өңірлік экономиканы қолдауға бағытталған нақты ұсыныстармен түйінделді. Бұл мақала ауыл туризм саласын зерттеушілерге, жергілікті билік органдарына және кәсіпкерлерге пайдалы бола алады.