ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ МЕН АРТ-ТЕРАПИЯ АРҚЫЛЫ ТУРИЗМ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЛИНГОКОММУНИКАТИВТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Г. ЮСУПОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • А. АЗИЗОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Н. АБИШОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Д. РАХИМОВА М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

геймификация, арт-терапия, тілдік шығармашылық, мәдениетаралық коммуникация, туризм студенттері, шет тілін үйрену.

Аңдатпа

Туризм саласында жұмыс істейтін мамандардан тілдік құзыреттілікпен қатар, тілдік шығармашылық қабілеттер де талап етіледі. Мәдениетаралық
коммуникациядағы проблемаларды шешу және серіктестермен мен клиенттермен тиімді өзара әрекеттесу тілдік-коммуникативтік креативтілік арқылы жүзеге асады. Бұл мақалада студенттердің осы қабілеттерін дамытуға ықпал ететін екі заманауи әдіс – геймификация және арт-терапия қарастырылады. Туризм саласында тілдік құзыреттілігімен қатар шығармашылық тұрғыда тіл қолдана алатын кәсіби мамандар жоғары сұранысқа ие. Бұл зерттеу туризм мамандығында оқитын студенттердің лингвокоммуникативтік креативтілігін арттыруға бағытталған екі заманауи әдісті –
геймификация мен арт-терапияны зерттеуге арналған. Экспериментке қатысушылар үш топқа бөлінді: бақылау тобы, геймификация тобы және арт-терапия тобы. Тілдік көрсеткіштер, мотивация және белсенділік сандық және сапалық әдістер арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижелері геймификация мен арт-терапияның студенттердің тілдік шығармашылығын, белсенділігін және мәдениетаралық коммуникация қабілеттерін едәуір арттыратынын көрсетті. Зерттеу нәтижесінде бұл әдістерді шет тілін оқыту үдерісіне енгізудің, әсіресе туризм саласында білім алатын студенттер үшін, тиімді екені
анықталды.

Жарияланды

2025-03-30