ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕМДІК-САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Кілт сөздер:
емдік-сауықтыру туризмі, туризм индустриясы, емдеу, емдік туризмі, сауықтыру, дестинация.Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстандағы емдік-сауықтыру туризмінің негізгі проблемалары талқыланады. Халықты әлеуметтік қорғауды, оның ішінде халықтың денсаулығын жақсарту жүйесін реформалауға бағытталған Қазақстанның әлеуметтік экономикалық саясатын жүзеге асыру мүмкіндігінше қысқа мерзімде бәсекеге қабілетті, тұрақты дамып келе жатқан ұлттық экономиканы құруды талап етеді. Қазақстан Республикасында емдік-сауықтыру туризмін дамыту кешенді тәсілді қажет етеді: құқықтық қамтамасыз ету, емдік-сауықтыру мекемелерін лицензиялау, оларды мемлекеттік деңгейде қолдау, емдік-сауықтыру инфрақұрылымын жақсарту, барлық сауықтыру орындарының бірыңғай деректер базасын құру. елде қызмет көрсету деңгейін арттыру, кадрлар даярлау орталықтарын құру.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу бір жағынан ұлттың физикалық және психикалық саулығын және жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз ету құралы болып табылатын емдік-сауықтыру туризмін дамытумен тығыз байланысты. Екінші жағынан, туризм сала ретінде жұмыс істей отырып, еңбек ресурстарын қалпына келтіру арқылы қоғамдық байлықты арттыруға көмектеседі, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді және еліміздің курорттық және туристік аймақтарының басқа да көптеген әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.