АБАЙ ОБЛЫСЫ ТУРИЗМІНІҢ ӘЛЕУЕТІН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Р. АГЫБЕТОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. ШОКПАРОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Н. АБИШОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ОМАРОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

Кілт сөздер:

туризм, Абай облысы, тарихи-мәдени туризм, тарихи-мәдени мұра, реттеу құралдары.

Аңдатпа

Бұл мақалада Абай облысының туристік әлеуеті жан-жақты талданады. Облыстың географиялық орналасуы, тарихи-мәдени мұралары және табиғи көрікті жерлері туризмді дамытуда маңызды рөл атқаратыны көрсетіледі. Зерттеу барысында Абай облысындағы туристік ағымдардың динамикасы, туристердің қызығушылық бағыттары және туризм саласындағы инвестициялардың оң серпіні талданған. Сонымен қатар, тарихи-мәдени туризмді дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-білім беру, мәдени және экологиялық реттеу құралдары ұсынылады. Мақалада аймақтың танымалдылығын арттыру және жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында ақпараттық-таныстыру жұмыстарының маңызы атап өтілген. Зерттеу нәтижелері Абай облысындағы туризмді дамыту стратегияларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды қамтиды. Зерттеу әдісі ретінде аналитикалық және салыстырмалы талдау тәсілдері қолданылды. Мақалада облыстың географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы, тарихи-мәдени мұралары мен табиғи көрікті жерлері бойынша деректер жинақталды және сарапталды. Әсіресе, аймақтағы туристік ағымдардың динамикасын, туристердің қызығушылық бағыттарын және инвестициялардың туризм саласына әсерін анықтау үшін статистикалық мәліметтер пайдаланылды.

Жарияланды

2025-03-30