ЖЕМҚОРЛЫҚ ЭКОНОМИКАСЫ: МӘНІ, АЛДЫН АЛУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЗАҢНАМАЛЫҚ ТҰҒЫРЛАРЫ

Авторлар

  • О. НҰСҚАБАЕВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Д. АЛТЫНБЕК

Кілт сөздер:

жемқорлық, парақорлық, сыбайлас жемқорлық, оларға қарсы күрес, әлеуметтік-заңнамалық алғы шарттар, салдар тудырмау амалдары

Аңдатпа

«Жемқорлық экономикасы» термині осы ұғым-түсініктің тар және кең мағынасында мемлекеттік құрылымдарда лауазымдық қызметтерде жұмыстанатын тұлғалардың елді гүлдендіріп, өркендетуге бөлінетін қомақты бюжеттік қаржы көздерінен жымқырып өзінің, отбасының, туған-туыстарының байуы үшін табыстануының лас, басқалармен сыбайласа әрекеттенетін пайдакүнемдік амалдарының және жемқорлықты іс-әрекеттерінің ел экономикасының дамуына тигізетін салдарының мәнін мазмұндайды. Себебі әлемдегі ең бай адамдар табыстануға салынған алғашқы қаражат көздерін билік сатыларында қызметтеніп жүріп, жемқорлық айла-әдістерді пайдалану арқылы жинақтаған. Парақорлық амалдарды пайдаланып байыған. Олар өз елдерінің экономи- касының дұрыс жұмыстануына қызмет етпеген. Тек өз қалталарын толтыруды ойлаған. Осыдан болар жемқорлық билік жүйесіндегі лауазымды тұлғалардың байу мақ сатында қызметіне орай тиісті құқықтарды пайдалануы арқылы лас, қылмыстық істерге бару құлқы ретінде анықталады. Мақалада жемқорлық экономикасының елімізде аяқтанып, етек жайып кетпеуінің алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүзеге асырылып келе жатқандығы талданады.

Жарияланды

2024-12-30