АУДАННЫҢ ТУРИСТІК ТАРТЫМДЫЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОР РЕТІНДЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЖОЛ ЖАҒАЛАУЫ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ (ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)
Кілт сөздер:
туризм, көлік жүйелері, жол жағалауындағы қызмет, Қазақстан, Павлодар облысы.Аңдатпа
Туризм индустриясы – XXI ғасырдағы ең қарқынды дамып жатқан салалардың бірі. 2023 жылы саяхат және туризм индустриясының әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі 9,1%-ды құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 23,2%-ға артты. Мақалада жол және жол жағалауы қызметтерінің туризммен өзара байланысы, нақтырақ айтқанда, олардың аймақтың туристік тартымдылығына әсері қарастырылады. Шетелдік елдердің осы қызметтерді жақсарту тәжірибесі статистикалық мәліметтер келтіріле отырып талданды. Сонымен қатар, тұрақтылық пен экологиялық талаптарды ескере отырып, көлік жүйелерін салудағы заманауи тенденциялар қарастырылды, атап айтқанда: топырақты тұрақтандыру әдістерін қолдану, нанополимерлік қоспаларды пайдалану, қайта өңделген және экологиялық таза материалдарды қолдану, жол жағдайын бақылауға арналған смарт-датчиктерді енгізу, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау. Әрі қарай, еліміздегі көлік жүйелері мен жол жағалауындағы қызметтердің жай-күйі зерттелді. Қазақстанда жол сапасы көрсеткішінің артуы байқалады. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің мәліметінше, өткен жылы нормативтерге сәйкес келетін республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 92%-ға жетті. Жол жағалауындағы қызметтердің дамуына келсек, бұл мәселе Қазақстанда көлік құралдарының көбеюі мен туристер санының артуына байланысты барған сайын маңызды болуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға дейін барлық жолдар Ұлттық стандартқа сай жол жағалауындағы қызметтермен қамтамасыз етіледі. Осы стандарт негізінде Павлодар облысының жол жағалауындағы қызметтердің орналасу типтік картасы (Ақсу, Екібастұз, Баянауыл аудандары бағытындағы трассалар) әзірленді.