ЕҚТА-ДА ЭКОТУРИЗМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • С. ҚҰМАРБЕКУЛЫ Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

Экологиялық туризм, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, Тұрақты даму- Ұйымдық-құқықтық аспектілер, Инфрақұрылым, Халықаралық тәжірибе

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) экологиялық туризмді дамытудың ұйымдық-құқықтық аспектілері қарастырылады. Экологиялық туризмнің негізгі міндеті табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны қорғау бола отырып, сонымен қатар жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал ету. Мақалада ЕҚТА-да экотуризмді дамыту үшін қажетті заңнамалық және нормативтік актілердің жағдайы, туризмді ұйымдастырудың құқықтық негіздері мен талаптары, сондай-ақ экотуризмнің
инфрақұрылымдық және ұйымдастырушылық мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, экотуризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалар мен оларды шешу жолдары ұсынылады. ЕҚТА-да экотуризмді тұрақты дамыту үшін халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды енгізу қажеттілігі атап өтіледі. Мақала қазақстандық экотуризм саласының даму перспективалары мен мүмкіндіктерін ашады.

Жарияланды

2024-06-28