ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАСИЕТТІ ОРЫНДАРДЫ ЗИЯРАТ ЕТУДІҢ ДІНИ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • У.К. КУВАНЫШБАЕВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Ж.Е. НУРМАТОВ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

қасиетті орындар, діни туризм, зиярат ету, психологиялық әсер, әлеуметтік аспектілер

Аңдатпа

Бұл мақала Түркістан облысындағы қасиетті орындарды зиярат етудің діни-психологиялық негіздерін зерттеуге арналған. Мақалада қасиетті орындардың ерекшеліктері мен олардың зиярат етушілердің психологиялық жағдайына әсері талқыланады. Зерттеу діни туризмнің әлеуметтік және мәдени салдарын да қарастырады. Түркістан облысы тарихи және діни маңызы бар орындарға бай болғандықтан, діни туризмнің дамуы аймақтың әлеуетін арттыруда. Мақалада діни саяхаттардың мотивтері, психикалық күйге әсері, сондай-ақ діни туризмнің жергілікті қауымдастықтар мен зиярат етушілерге тигізетін ұзақ мерзімді психологиялық әсерлері талданады. Бұл зерттеу діни туризмнің қазіргі заманғы тенденцияларын, оның психологиялық және әлеуметтік аспектілерін түсінуге бағытталған. Діни туризмнің әлеуетін анықтау арқылы аймақтың мәдени мұрасын кеңінен таныстыруға мүмкіндік беріледі.

Жарияланды

2024-06-28