ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АГРОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ

Авторлар

  • Н.У. АБИШОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А.У. АБИШОВА М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

Түркістан облысы, ауылдық туризм, агротуризм, экономикалық талдау, туристік кластер

Аңдатпа

Түркістан облысында агротуризмді дамыту ауылдық аймақтардың тек табиғи ресурстарын ғана емес, сонымен қатар қазақ елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тарихын, ұлттық асханасын жанғыртуда маңызды мәнге ие болары белгілі. Бұл сала отандық туризм мен ауылшаруашылықтың болашақтағы даму бағыттарын анықтайтын әлеуетті тақырыпқа жатады. Агротуризм - бұл ауылдық жерлерде ұйымдастырылуы мүмкін туризмнің бір түрі, соңғы жылдардағы статистикалық мәліметтерге қарай, тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие екендігін айтуға болады. Бұл сектор ауылдық мекендердің экономикасының өсуіне, экожүйелер мен мәдени құндылықтарды сақтауға, аумақтардың дамуына, инфрақұрылым, ауылдағы жұмыссыздық сияқты мәселелер шешімін қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда Еуропа елдерінің агротуризм саласындағы тәжірбесін, Түркістан  облысының кейбір өңірлері үшін қолдана білу де пайдалы болары сөзсіз. Осыған орай, мақаланың зерттеу нысаны ретінде еліміздегі ауылшаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі Түркістан облысы таңдалынды. Мақсаты – Түркістан облысының агротуризмге бейімділігі мен әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің факторларын жан-жақты айқындап көрсетуге негізделеді. Зерттеу нәтижелері – Облыстағы агротуризмді дамыту ресурстарының жеткілікті екендігі анықталған; жергілікті мемлекеттік органдар тарапнынан агротуризмнің кейбір бағыттарын қолдауға қаржылай көмектердің жеткілікті екендігі айтылған; агротуризмді дамытудың мүмкіншіліктері қандай аудандарында жоғары екендігіне қатысты талдау жасалынып, ұсыныстар көрсетілген; агротуризм - аграрлық кәсіпкерліктің табысты туристік бағыт ретіндегі өзгешеліктері көрсетілді. Қорытындылар – Қазақстанның Алматы облысында агротурзимді дамытудың алғашқы тетіктері қалыптасты. Түркістан облысының агротуристік ресурстары басқа өңірлерінен ерекшеленуіне байланысты оны кәсіби тұрғыда қолға алу міндеті пайда болуда. Осыны ескере келе ғылыми жұмыс өңірдің агротуристік әлеуетінің ресурстарына егжей-тегжейлі талдау жасалынды. 

Жарияланды

2023-12-29