ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ТӘУЕКЕЛДЕРІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар

  • Э. С. АЛИМКУЛОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

Цифрлық экономика, интернет, гибридті әлем, бұлтты технологиялар, танымдық технологиялар, криптовалюта.

Аңдатпа

Адамзат баласы жақын болашақта өзге форматта қалыптасатын болады, бұл жағдай өз кезегінде әлеуметтік, экономикалық, мәдени және т.б. қатынастардың өзгеруіне септігін тигізеді. Цифрлық экономика екі маңызды қағидаларға бағытталады – ақпарат пен желілік технологиялар. Цифрлық экономиканың мәні мен мағынасы қатысушылар арасында электрондық ақпараттардың үлкен көлемімен алмасу механизмін жеделдету, күнделікті процестерді жеңілдету. Осы тұрғыдан бұл мақалада цифрлық экономиканың ерекшеліктері қарастырылып, цифрлық экономиканың тәуекелдері мен проблемалары технологиялардың одан әрі терең енуі – жарқын келешектегі бүкіл әлемнің сипатына ие өзгешеліктерінің бірі болып табылатыны қарастырылады.

Жарияланды

2023-09-29