ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ДЕСТИНАЦИЯЛАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ ТУРИЗМ БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ РӨЛІ
Кілт сөздер:
туризм, білім беру бағдарламасы, кадрлар даярлау, туристік дестинацияАңдатпа
Бұл мақалада біз туристік бағыттарды дамытудағы туризм бойынша білім беру бағдарламаларының рөлін қарастырамыз. Туризм әлемдік экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады және туристік дестинацияларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Бұл саладағы жетістіктің негізгі факторларының бірітуризм саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің сапасы мен құзыреттілігі. Туризм бойынша білім беру бағдарламалары туристік дестинацияларды дамытуға және жақсартуға ықпал ететін жоғары білікті мамандарды даярлау үшін маңызды.
Қазақстанда бар туристік кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру үшін туризм индустриясы мамандарын неғұрлым тиімді кәсіби, құзыретті- ағдарланған және практикалық даярлау мақсатында «Туризм» бағыты бойынша білім беру бағдарламалары тобы шеңберінде тереңдетілген білім беру траекторияларын әзірлеу және енгізу қажет.