ТУРИЗМ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Авторлар

  • Д. С. АСАН Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

туризм экономикасы, ЖІӨ, баға беру, микроэкономика, мезоэкономика, макроэкономика, мегоэкономика

Аңдатпа

Туризм экономикасы саяхатшылардың қажеттіліктері мен тілектерін қанағаттандыруға арналған туристік өнімдер мен қызметтерді өндіру, бөлу және тұтыну процесінде туындайтын экономикалық қатынастарды зерттейтін және талдайтын ғылым. Қазіргі ғылыми зерттеулерде туризмді адамдардың материалдық және материалдық емесқажеттіліктерін қамтамасыз ететін күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде толыққанды және ұтымды демалыс арқылы қызмет көрсету қарастырады. Зерттеу мақсаты: Аймақтардағы туристік ұйымдардың даму әлеуетін іске асыру үшін қаржылық әлеуетін жетілдіру бойынша теориялық-әдістемелік ережелерді әзірлеу. Туризм негізі әлемнің көптеген елінің бюджетін толықтыратын экономика саласы болып табылады. Әзірленген тәсілдер мақалада баяндалған туристік кешенді қалыптастыру және дамыту, оның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын бағалау үшін оны әзірлеу мен іске асыруда практикалық ұсыныстар ретінде пайдалануға болады. Мақалада туризм экономикасын дамытудың қаржылық көрсеткіштерінің кейбір мәселелері қарастырылады.

Жарияланды

2023-09-29