СПОРТТЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Авторлар

  • Н. БИБОЛОВ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • М. АЖИБЕКОВ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • М. ЧИРВА Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова
  • Е. ПОЛЕВА Южно-Казахстанский университет имени М. Ауэзова

Кілт сөздер:

спорттық туризм, белсенді туризм, оқиғалық туризм, туристік дестинация, спорттық іс-шаралар, тұрақты туризм, цифрландыру, туристік сұраныс, Қазақстан.

Аңдатпа

Мақалада спорттық туризм дамуының заманауи үрдістері зерттеліп, туристік сұраныстың өзгеруі, цифрландыру, экологияландыру және дестинацияларды дамытудағы спорттық-оқиғалық іс-шаралар рөлінің артуы ескеріле отырып, оның одан әрі трансформациялануының перспективалық бағыттары айқындалды. Зерттеудің өзектілігі туристердің белсенді саяхат түрлеріне қызығушылығының артуымен және спорттық белсенділікті, туристік әсерлерді әрі аумақтың табиғи-рекреациялық әлеуетін біріктіретін бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді қалыптастыру қажеттілігімен негізделеді. Зерттеудің мақсаты – қазіргі спорттық туризмнің негізгі үрдістерін анықтау және оның Қазақстандағы даму перспективаларын айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік және салыстырмалы тәсілдер, ғылыми жарияланымдарға контент-талдау, ресми статистикалық деректерді талдау және SWOT-талдау құрады. Зерттеу нәтижелері спорттық туризмнің қазіргі моделі дәстүрлі спорттық іс-шараларға қатысу шеңберінен шығып, белсенді, шытырман оқиғалы, оқиғалық, тау, велосипед, жүгіру туризмі және басқа да бағыттарды қамтитынын көрсетті. Негізгі үрдістер ретінде туристік сұраныстың даралануы, шағын және орта спорттық іс-шаралардың дамуы, туристік тәжірибенің цифрландырылуы, спорттық және экологиялық туризмнің ықпалдасуы, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қойылатын талаптардың күшеюі, сондай-ақ дестинацияларды брендтеуде спорттық іс-шараларды пайдалану анықталды. Қазақстан бойынша жүргізілген талдау табиғи ландшафттардың алуан түрлілігі, ішкі туризм мен инвестициялық белсенділіктің өсуіне байланысты спорттық туризмді дамыту үшін елеулі әлеует бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар инфрақұрылымдық, ұйымдастырушылық, маркетингтік және экологиялық шектеулер анықталды. Мамандандырылған туристік өнімдерді қалыптастыруды, өңірлік кластерлерді, оқиғалар күнтізбесін, цифрлық инфрақұрылымды және қауіпсіздік стандарттары жүйесін дамытуды көздейтін спорттық туризмді дамытудың басым
бағыттары ұсынылды.

Жарияланды

2026-09-30