ФЕСТИВАЛЬДАРДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨМІРІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • У. ТАГМАНОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ПАРИДИНОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Н. КАБАШЕВА Тұран-Астана университеті
  • А. ДЖАКСИЛИКОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

фестиваль, ивент туризм, жергілікті халық, тұрақтылық, Түркістан

Аңдатпа

Бұл зерттеудің мақсаты – Түркістан қаласындағы фестивальдардың әсерлерін жергілікті тұрғындардың қалай қабылдайтынын анықтау. Деректер сауалнама тәсіл қолданып, 226 жергілікті тұрғыннан онлайн арқылы сауалнама  жиналды. Деректерді талдау кезінде гипотезаны тексеру үшін факторлық және құрылымдық теңдеулер моделі  талдаулар жүргізілді. Зерттеу нәтижелері фестивальдардың жергілікті қоғамға ықпалы негізінен оң және көпқырлы екенін көрсетті. Әлеуметтік-мәдени және экономикалық факторлар фестивальдардың қала имиджін арттыру мен туристер ағынын көбейтудегі маңызын айқындайды. Сонымен қатар, фестивальдар тұрғындардың әлеуметтік белсенділігін күшейтіп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді. Тұлғалық даму көрсеткіштері фестивальдардың жеке әлеуетті арттырудағы рөлін дәлелдегенімен, бұл үдеріске негізгі әсер тұрақтылық факторы арқылы жүзеге асады. Тұрақтылық фестивальдардың мәдени мұраны сақтау, әлеуметтік бірлікті нығайту және өмір сүру сапасын арттырудағы ұзақ мерзімді ықпалын қамтамасыз етеді.

Жарияланды

2026-09-30