ЖАЛАҢАШКӨЛ КӨЛІНІҢ ГИДРОМИНЕРАЛДЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫН ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Е. ТОКПАНОВ І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • М. ДЖЕТИМОВ І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Р. МУХИТДИНОВА І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • А. СЫЗДЫКОВА Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

Жаланашкөл, рекреация, минералды су, емдік балшық, гидроминералдық ресурс, ауыр металл, радиоактивті ластану, туризм

Аңдатпа

Зерттеу аридті аймақтардағы тұзды көлдердің гидроминералдық ресурстарын геоэкологиялық тұрғыдан бағалау мәселесіне арналған. Қазіргі уақытта емдік-сауықтыру туризмінің дамуы және табиғи нысандарға түсетін рекреациялық жүктеменің артуы жағдайында табиғи су айдындарының экологиялық қауіпсіздігін ғылыми негізде бағалау ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда Жетісу облысындағы Жалаңашкөл көлінің гидроминералдық ресурстары кешенді зерттеу нысаны ретінде қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты - көл суының, шөгінділерінің, минералды бұлақтарының және емдік балшықтарының геоэкологиялық жағдайын анықтап, олардың емдік-сауықтыру рекреациясында қауіпсіз әрі ұтымды пайдаланылу мүмкіндігін ғылыми негіздеу. Зерттеу барысында далалық сынама алу, зертханалық физика-химиялық, микробиологиялық және радиологиялық талдау әдістері, сондай-ақ салыстырмалы-географиялық және статистикалық өңдеу тәсілдері қолданылды.

Нәтижесінде көлдің батыс және шығыс бөліктері арасында химиялық құрам бойынша кеңістіктік айырмашылықтар анықталғанымен, барлық көрсеткіштердің санитарлық-гигиеналық нормативтерден аспайтыны дәлелденді. Су, минералды көздер және пелоидтар микробиологиялық және радиологиялық тұрғыдан қауіпсіз екені анықталды.

Зерттеу жұмысы тұзды көлдердің гидроминералдық ресурстарын бағалау әдістемесін толықтырып, аймақтық рекреациялық табиғат пайдалануды ғылыми негіздеуге үлес қосады. Алынған нәтижелер экологиялық мониторинг жүйесін қалыптастыруда, рекреациялық жүктемені реттеуде және Жалаңашкөлді емдік-сауықтыру туризмі нысаны ретінде дамытуда практикалық маңызға ие.

Жарияланды

2026-06-30