АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • Р. АҒЫБЕТОВА Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Е. САЙЛАУБАЙ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Б. ТOКИШКAДИPOВ Шәкәрім университеті
  • З. МУКАТАЕВА Шәкәрім университеті

Кілт сөздер:

туризм, этнотуризм, Абай облысы, мәдени мұра, SWOT талдау, жергілікті қауымдастық, әлеует, тұрақты даму

Аңдатпа

Ғылыми мақалада өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы ретінде Абай облысындағы этнотуризмді дамыту мүмкіндіктері мен перспективасы қарастырылды. Этнотуристік бағыттардың қалыптасуына ықпал ететін облыстың тарихи-мәдени мұрасы мен туристік-рекреациялық әлеуеті талданды. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетіне, ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне, халық қолөнеріне, фольклорға, сондай-ақ Абай Құнанбаевтың есімімен байланысты тарихи және қасиетті объектілерге ерекше назар аударылады. Туристерді қазақ халқының дәстүрлі өмір салтымен, ұлттық тағамдарымен, салт-дәстүрімен, халық қолөнерімен, фольклормен және ұлттық құндылықтарды дәріптеуді қамтитын этнотуризмнің ерекшеліктеріне назар аударылды.

Жергілікті қауымдастықтың этнотуристік қызметтерді ұйымдастыруға қатысуы мәдени бірегейлікті сақтауға және аймақты дамытуға ықпалы қарастырылды. Инфрақұрылымның, сервистің және маркетингтің жеткіліксіз деңгейі сараланып, саланы дамытудың негізгі проблемалары айқындалып, аймақтың туристік тартымдылығын арттыруға, ішкі және келу туризмін дамытуға бағытталған этнотуризмді дамыту бойынша ұсыныстар берілді.

Жарияланды

2026-06-30