ТҮРКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ БІЛІМІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ (КРОСС-ҰЛТТЫҚ) ТАЛДАУ
Кілт сөздер:
Сауықтыру турізмі, білім беру, оқу курсы, Түркия, ҚазақстанАңдатпа
Бұл зерттеудің мақсаты Түркия мен Қазақстандағы сауықтыру туризмі саласындағы білім беруді салыстырмалы түрде талдау болып табылады. Осы мақсатта екі елдің жоғары оқу орындарында сауықтыру туризмге қатысты бөлімдер қарастырылып, олардың оқу жоспарлары жан-жақты талданды. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын салыстыру арқылы сауықтыру туризмі білімінің құрылымы, ауқымы және тәжірибелік қырлары бағаланды. Зерттеу нәтижелері негізінде екі елдегі сауықтыру туризмі білім беру жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар айқындалып, академиялық тұрғыдан мықты жақтары мен дамытуды қажет ететін бағыттары анықталды. Түркияда сауықтыру туризмі білімінің неғұрлым қалыптасқан әрі тәжірибеге бағытталған жүйесі бар екені байқалса, Қазақстанда бұл саладағы білім беру бағдарламалары соңғы бастамалар аясында даму кезеңінде екені анықталды. Зерттеу нәтижесінде екі елде де сауықтыру туризмі саласындағы білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасалды. Аталған ұсыныстар білім беруді стандарттау, тәжірибелік оқыту мүмкіндіктерін кеңейту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне бағытталды. Зерттеу сауықтыру туризмі саласындағы адами ресурстардың сапасын арттыруға үлес қосуды көздейді.