ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСҚА ӨҢІРЛЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ТУРИЗМДІ БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

Авторлар

  • А. КУЛБАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Д. ТУБЕКОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • У. ТАГМАНОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Д. БАЛТАБЕКОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

тұрақты туризм, зерттеу әдістері, салыстырмалы талдау, рекреациялық ресурстар, табиғи объектілер, мәдени ескерткіштер

Аңдатпа

Қазақстандағы тұрақты туризмді басқару модельдері салыстырмалы түрде талданып, Түркістан облысының тәжірибесі басқа аймақтармен салыстырылып қарастырылады. Зерттеу барысында аймақтық саясат, инфрақұрылым, экологиялық және әлеуметтік аспектілер ескеріліп, тиімді басқару стратегиялары ұсынылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Қазақстан өңірлерінде тұрақты туризмді басқару тәсілдерін жүйелі салыстыру және оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар ұсыну. Практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді мемлекеттік органдар, туристік бизнес субъектілері және жергілікті қауымдастықтар үшін қолдануға болады. Зерттеу барысында статистикалық деректерді талдау, салыстырмалы әдіс, сауалнама жүргізу және сараптамалық бағалау әдістері қолданылды. Мақала қорытындысында аймақтық туризмді дамытудағы негізгі мәселелер анықталып, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылады.

Мақаланың негізгі мақсаты – Түркістандағы тұрақты туризмді басқару моделін зерттеу және оны Қазақстанның басқа аймақтарындағы тәжірибелермен салыстыру арқылы оңтайлы даму стратегияларын анықтау. Сондай-ақ, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, тұрақты туризмді дамытуға арналған ұсыныстар беру.

 Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды, салыстырмалы талдау – Түркістан облысы мен басқа аймақтардың басқару модельдері салыстырылды.

Нәтижелер. Түркістан облысының тәжірибесі: Соңғы жылдары Түркістан туристік инфрақұрылымды дамытудың және мәдени мұраны сақтаудың белсенді саясатын жүргізуде. Түркістанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде заманауи қонақ үйлер, тарихи ескерткіштерді жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Басқа аймақтардың тәжірибесі: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары табиғи туризмге басымдық берсе, Атырау мен Маңғыстау облыстары экологиялық туризмді дамытуда. Ортақ мәселелер: Барлық аймақтарда тұрақты туризмді дамытуда экологиялық жүктеменің артуы, инфрақұрылымның жетіспеушілігі және жергілікті тұрғындардың туризмге қатысуының төмен деңгейі сияқты қиындықтар кездеседі. Тиімді стратегиялар: Түркістан облысының мәдени-тарихи туризмді дамыту тәжірибесін басқа аймақтарға бейімдеу, цифрлық технологияларды енгізу және туристердің жауапкершілігін арттыру шаралары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұрақты туризмді дамыту үшін кешенді басқару модельдері қажет. Түркістан облысының тәжірибесі мәдени мұраны сақтау мен инфрақұрылымды жетілдіру тұрғысынан тиімді болса, табиғи туризмге бағытталған аймақтар экологиялық аспектілерді ескеруді күшейтуде. Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту үшін мемлекеттік қолдау, жеке сектордың белсенділігі және қоғамның қатысуын арттыру маңызды. Осылайша, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, кешенді және тұрақты даму стратегияларын қалыптастыру қажет.

Жарияланды

2026-03-30