ТУРИЗМДЕГІ МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫНЫҢ МӘТІНДІК СИПАТТАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Д. БАЛТАБЕКОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • У. КАРАКУЛОВА Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Г. БАЙБОСЫНОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Д. КАДЫРБЕКОВА Қазақ спорт және туризм академиясы

Кілт сөздер:

туризм, мәдени мұра, мәдени мұра нысандары, туристік мәтіндер, туристік дискурс, контент-талдау, туристік коммуникация, мәдени туризм, дестинация имиджі

Аңдатпа

Мақалада туризм саласында мәдени мұра нысандарын сипаттайтын туристік мәтіндердің құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – мәдени мұра объектілерін таныстыратын туристік мәтіндердің негізгі құрылымдық элементтерін анықтау және олардың туристік коммуникациядағы рөлін талдау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы талдау, мәтіндік талдау және контент-талдау әдістері қолданылды. Зерттеу материалы ретінде Қазақстанның туристік ақпараттық порталдарында жарияланған мәдени мұра нысандары туралы 30 туристік мәтін іріктеліп алынды. Контент-талдау нәтижесінде туристік мәтіндердің құрылымында бірнеше негізгі элементтердің тұрақты түрде қолданылатыны анықталды. Олардың қатарында тарихи ақпарат, мәдени мазмұн, бағалауыш сипаттағы лексика және туристік тәжірибені сипаттайтын элементтер бар. Зерттеу нәтижелері туристік мәтіндердің тек ақпараттық сипатқа ие емес, сонымен қатар туристік дестинацияның тартымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған коммуникациялық құрал екенін көрсетті. Сонымен қатар туристік мәтіндер мәдени мұраны таныстыруда және туристердің белгілі бір аймаққа деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері туристік ақпараттық материалдарды әзірлеу кезінде мәдени мұра нысандарын тиімді таныстыруға арналған мәтіндік стратегияларды анықтауға мүмкіндік береді.

Жарияланды

2026-03-30