ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СЕНИОР-ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • С. ЫДЫРЫС Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ТҰРСЫН Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ҚОЖАХМЕТ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ӘБІЛДӘ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

сениор туризм, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктер, Түркістан облысы, туризмге қатысу факторлары, туристік инфрақұрылым, қаржылық қолдау, әлеуметтік мотивация

Аңдатпа

Бұл мақалада Түркістан облысындағы сениор (қарттар) туризмінің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері зерттелді. Зерттеудің негізгі мақсаты – сениор туристердің демографиялық сипаттары, экономикалық мүмкіндіктері, туризмге қатысу факторлары және аймақтық туризмді дамытуға қатысты ұсыныстарды анықтау. Зерттеу үшін аралас әдіс қолданылып, 100 сениор турист арасында сауалнама және 15 қатысушымен терең сұхбат жүргізілді. Мәліметтер сандық (SPSS 27) және сапалық (NVivo 12) бағдарламалар арқылы талданды. Нәтижелер көрсеткендей, Түркістан облысындағы сениор туристер негізінен 60–70 жас аралығында, көбісі әйелдер, барлығы зейнеткер, орташа немесе жоғары білімді. Қаржылық шектеулер олардың тек өз елі ішінде жылына бір-екі рет саяхат жасауына мүмкіндік береді, ал шетелге шығу мүмкіндігі жоқ. Саяхатқа шығуға әсер ететін басты факторлар: денсаулық жағдайы, қаржылық мүмкіндіктер, транспорт пен инфрақұрылым, қауіпсіздік және туристік қызмет сапасы, ал әлеуметтік мотивация екінші деңгейде маңызды болып шықты. Сениор туризмін дамыту үшін инфрақұрылымды жақсарту, қаржылық қолдау бағдарламаларын енгізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туристік қызмет сапасын арттыру және әлеуметтік іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу аймақтық туризмді дамытуға, сениор туристердің белсенділігін арттыруға және туризм саласындағы ғылыми деректерді толықтыруға үлес қосады.

Жарияланды

2025-12-30