ТҰРАҚТЫ ДАМУ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ АСПЕКТІЛЕРІ

Авторлар

  • E. БЕЙСЕКЕЙ Абылай хан атындағы қазақ ұлттық халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетті
  • Б. ҚҰДАЙБЕРГЕН Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. КУЛБАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • М. АЛТАЙ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кілт сөздер:

Туризм, тұрақты даму, әлеуметтік әсер, мәдени әсер, этно-туризм, гастрономиялық туризм, Қазақстан, тұрақты туризм

Аңдатпа

Бұл мақалада тұрақты даму парадигмасындағы туризмнің әлеуметтік мәдени аспектілері жан-жақты зерттелді. Зерттеу 250 қатысушымен жүргізілді, оның ішінде 180 турист және 70 туризм саласының мамандары бар. Деректер валидтелген құрылымдық сауалнама арқылы жиналып, Likert шкаласы бойынша бағаланды, содан кейін SPSS 27.0 бағдарламасында орташа мәндер, стандартты ауытқулар, корреляциялық және факторлық талдау әдістерімен өңделді. Сонымен қатар, зерттеуде халықаралық және отандық әдебиет шолуы, Қазақстан Республикасының туризм саласындағы стратегиялық құжаттарын талдау, сондай-ақ мазмұндық талдау (content analysis) әдістері қолданылды.
Нәтижелер туризмнің әлеуметтік, мәдени, экономикалық және экологиялық әсерлерін нақты көрсетті. Әлеуметтік тұрғыдан туризм жергілікті қауымдастықтардың белсенділігін арттырады және мәдениетаралық өзара әрекетті күшейтеді. Мәдени аспектілерде этно-туризм мен гастрономиялық туризм туристердің мәдени қанағаттануын арттырады және жергілікті мәдени идентификацияны қолдайды.
Экономикалық жағынан туризм жергілікті экономикаға инвестиция тартуға, жұмыс орындарын құруға және кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді. Экологиялық аспектілерде туризмнің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мәдени мұраны сақтау және қоршаған ортаны қорғау маңызды болып отыр. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени туризмді дамытуға арналған нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді, соның ішінде әлеуметтік қатысуды арттыру, мәдени мұраны сақтау, экономикалық пайда мен экологиялық тұрақтылықты үйлестіру.

Жарияланды

2025-12-30