ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ: ТАБИҒИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ РЕСУРСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

Авторлар

  • Н. АБДИЛДАЕВА Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. БЕЙСЕМБИНОВА Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. ЖЕЛДИБАЕВ Алматы Технологиялық университеті
  • А. ШОКПАРОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

туризм, Жетісу облысы, экономика, даму, үрдістер

Аңдатпа

Мақалада туризм индустриясының – қоғамның туристік және рекреациялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет ететін өте күрделі сала екені сарапталады. Сонымен қатар, туристік және рекреациялық ресурстар бүкіл туристік индустрияның ресурстарын қарастыруды қажет ететін бірегей сала екені талданады. Мақалада туристік-рекреациялық ресурс ұғымы жан-жақты зерттеліп, оның көлемі де туристік жүйе, аймақ, курорт, туристік объект үшін аса маңызды құрылым екені айқындалады. Зерттеудің мақсаты: теориялық және практикалық деңгейде мәдени туризм мен экскурсиялық-танымдық қызмет арасындағы байланысты зерттеп, Жетісу облысындағы туризмнің экономика саласындағы жетістіктерін айғақтап көрсету. Сондай-ақ, Жетісу өңірінде туризмнің дамуына ықпал ететін ұйымшылдықты қалыптастыру үшін нақты шешімдер ұсынылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы Жетісу облысындағы туризмнің өсу тетіктерінің ғылыми-практикалық негіздемесі болып табылады. Зерттеу барысында Жетісу облысындағы туризмді абстракциялау және талдау әдістері қолданылды.

Жарияланды

2025-12-30