ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ТУРИЗМ АЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ - «ҰЛЫ ҚОЛБАСШЫНЫҢ ЖОЛЫМЕН: ӘМІР ТЕМІР МҰРАСЫ» АТТЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУР

Авторлар

  • Э. НАРБАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. АМАНҒАЗЫЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ГУБАРЕНКО Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

трансшекаралық туризм, Түркістан, туристік инфрақұрылым, мәдени мұра, жібек жолы, халықаралық туризм, тұрақты даму

Аңдатпа

Мақалада авторлар Қазақстан Республикасындағы трансшекаралық туризмді дамыту мәселелерін Түркістан қаласы мысалында қарастырды. Қаланың туристік әлеуеті, ішкі және халықаралық туристер үшін қызығушылық тудыратын негізгі туристік-экскурсиялық нысандар талданған. Зерттеу барысында Түркістан қаласының қазіргі туристік инфрақұрылымы зерттеліп, трансшекаралық туризмді дамытудың перспективалық бағыттары анықталған. Мақалада трансшекаралық туризм саласындағы негізгі мәселелер көрсетіліп, оларды қаланың қолда бар туристік әлеуетін оңтайландыру арқылы шешу жолдары ұсынылған. Авторлар халықаралық трансшекаралық туризм тәжірибесін талдау негізінде қаланы трансшекаралық туристік орталыққа айналдыруға арналған стратегиялық жоспар ұсынылды. Халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, Түркістан қаласының тарихи-мәдени ерекшеліктерін, оның ішінде Әмір Темір мұрасының екі елге маңыздылығы қарастырылды. Зерттеу нәтижелері аймақтық туризм саласын дамыту бағдарламаларын құру және жетілдіру, сондай-ақ Түркістан қаласының туристік брендін қалыптастыру үшін практикалық маңызға ие. Зерттеу барысында авторлар ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес кешенді теориялық және эмпирикалық әдістерді қолданды.

Жарияланды

2025-06-30