ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ
Аңдатпа
Қазіргі таңда туризм және қызмет көрсету саласы қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі деп айтсақ болады. Туризмді жандандыру экономика құрылымындағы жаңа секторды анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ұлттық экономиканы күшейтуде маңызды рол ойнайды. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасының
туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ТОП-10 енген ең перспективалы бағыттар ретінде Қазақстанның 10 басым туристік аумақтарына кіретін Түркістан қаласынадағы туристік обьектілердің бүгіні мен келешегіне байланысты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізе отырып, оны әрі
қарай дамытудың және ұтымды ұйымдастырудың негізгі тетіктерін ұсыну болып табылады. Түркістандағы туризмді дамытудың тиімділігі заманауи туристік кешенді қалыптастырудың және Қазақстан экономикасына туризмнің қосатын үлесін арттырудың басты шарты болып табылады. Түркістан туризм дестинациясының дамуының және туристік обьектілердің қазіргі жай-күйін талдау мақсатында статисткалық-экономикалық, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Мақалада Түркістанның қазіргі таңдағы туристерді тартатын туристік обьектілерге талдау жүргізілді. Туристік әр обьектінің қызметі зерттелді. Сонымен қатар, алдағы уақытта Түркістанға туристерді көптеп тартуда қандай туристік обьектілерге мән беру жолдары қарастырылды. Әлеуметтік және экономикалық маңыздылыққа ие болатын Түркістан туризмін дамыту үшін, қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарының жүргізілуі маңызды. Мысалы Түркістан облысында 2121,7 мың тұрғын мекен етеді (2023 жыл 1 қаңтар). Облысқа 2023 жылдың қаңтар айында 2989 адам келген. Яғни бұл туристердің біздің қалаға келіп жатқанын көрсетеді. Түркістан қаласына туристер қандай бағытта келеді?