FLIPPED СLASSROOM ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ТУРИЗМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ ОҚЫТУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Авторлар

  • Н. НҰРМАҒАНБЕТҚЫЗЫ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Б. АЛЬМУХАМБЕТОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Т. ИСКАКОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

Flipped Classroom, туризм, кадрлар даярлау, видеоматериал, онлайн платформа, ағылшын тілі.

Аңдатпа

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар қоғамның барлық саласында қолданылатын негізгі құрамбөлікке айналды. Ғылымның мұндай жетістіктерін жоғарғы білім беруде қолдану бүгінгі таңда ең өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Оқыту процесіндегі заманауи цифрлық жетістіктерге негізделген білім беру әдістерінің бірі - Flipped Classroom технологиясы. Бұл технологияны кез келген білім беру деңгейінде білімгерлерді оқытуда қолдануға болады. Аталмыш мақаланың мақсаты – «Туризм» білім беру бағыты бойынша білім алатын студенттерді ағылшын тіліне оқыту кезеңінде Flipped Classroom технологиясын пайдаланудың тиімділігін зерттеу және дәлелдеу. Зерттеу әлемдік ғалымдардың технологияны қолданудың ерекшеліктерін сипаттау мақсатында жазған еңбектерін зерделеп, осы теориялық аспектілер негізінде Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 1 курс студенттеріне жүргізілген тәжірибені талқылап, қорытындылау бойынша жүргізілді. Мақаланың негізгі идеясы қазіргі кезеңге дейін жүргізілген ғалымдардың түрлі тәжірибелерін сараптай келе, Туризм білім беру бағдарламасы студенттерін ағылшын тіліне оңай әрі тиімді оқытудың жаңа мүмкіндіктерін ашу болып табылады. Технологияның ағылшын тілін оқытудағы практикалық тиімділігін анықтау үшін өткізілген тәжірибе барысында студенттер эксперименттік және бақылау топтарына бөлінді. Студенттерден алдын ала алынған теориялық білімді тексеру тесті мен тәжірибеден кейінгі алынған тест нәтижелері және олардың ағылшынша сөйлеу қабілеті деңгейлерінің арақатынасында едәуір алға жылжу
байқалды. Сондай-ақ, білімгерлердің ағылшын тіліне деген қызығушылықтары артып, шабыттары ояна бастады. Бұл өз кезегінде Flipped Classroom технологиясының цифрлық мүмкіндіктерге негізделген ең белсенді оқыту әдістерінің бірі екендігін дәлелдеді. Зерттеу жұмысының құндылығы Flipped Classroom технологиясын осы зерттеудің нәтижелеріне сүйене отырып, Туризм мамандығы студенттеріне практикалық сабақ өткізу барысында жаңашыл идея ретінде қолдануға мүмкіндік болу арқылы көрінеді.

Жарияланды

2024-12-30