САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕР ГЕОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, киелі жерлер географиясы, картографиялау, геоақпараттық технологияАңдатпа
Мақала Түркістан облысы, Сайрам ауданының киелі жерлер географиясын зерттеу мен картографиялау мәселелеріне арналған. Сайрам ауданының «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» 100 нысанының тізіміне енген және енбеген киелі орындар қарастырылған. Зерттеу аймағының қазіргі таңдағы физикалық-географиялық жағдайына талдау жасалынған. Түркістан облысы Сайрам ауданының киелі жерлер географиясы жан-жақты зерттеліп, киелі орындар географиясы қарастырылып, оларға талдау жүргізіліп, карта бетінде бейнеленді. Зерттеу жұмысының басты мақсаты – «Сансыз баптар мекені» болып есептелетін облыстың Сайрам ауданы, оның киелі жерлері мен орындарын қарастыру және қазіргі жағдайын зерделеу. Сайрам ауданының табиғи-мәдени мұраларын ескере отырып, әрбір киелі жер нысандарына талдау жұмыстары жүргізіліп, еліміздің киелі орындар географиясына енбеген жаңа нысандарды кесте түрінде және ГАЖ технологиясының көмегімен карта бетінде бейнелеу. Зерттеу әдістері - тақырыпты зерттеу барысында аналитикалық шолу, салыстырмалы-географиялық, картографиялық, геоақпараттық әдістер қолданылды. Зерттеу барысында ГАЖ технологиясының көмегімен аталған ауданының киелі жерлері мен орындарының номенклатурасы жасалынды және электронды картасы құрастырылды. Ауданның киелі жерлер нысандарының бағыттары құрастырылды.