ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Авторлар

  • Ж. ӘКІМОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

туризм индустриясы, әлеуметтік-экономикалық даму, мәдени мұра, қонақжайлылық саласы, тарихи туризм

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы туризмнің дамуы мен оның әлеуметтік экономикалық маңыздылығы қарастырылады. Мақсаты – туризм индустриясының Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін, дамуының тарихи кезеңдерін және қазіргі жағдайын талдау. Зерттеуде туризмнің халыққа және ұлттық экономикаға әкелетін пайдасы анықталып, оның әлеуметтік және мәдениетаралық байланыстарды дамытудағы рөлі қарастырылады. Мақалада қолданылған әдіснамалық тәсілдерге деректерді жинау, салыстыру және талдау жатады. Нәтижесінде, Қазақстанның туризм саласын дамытуға қажетті факторлар мен оның болашағы туралы ұсыныстар берілген. Бұл зерттеу туризм саласын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар жасау арқылы Қазақстанның туризм индустриясының дамуына ықпал етуге арналған.

Жарияланды

2023-09-30