ТҮРКІСТАНДАҒЫ ОҚИҒАЛЫ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУ

Авторлар

  • A. АЯТ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Н. БАТЫРОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

оқиғалы туризм, турист, экономика, Түркістан, тенденция, даму, халық, потенциал.

Аңдатпа

Мақаланың зерттеу мақсаты – Түркістан қаласының оқиғалық туризм бағытын зерттеу, даму бағыттарының түрлерін анықтау болып табылады. Шет елдік тәжірибелермен салыстыра отырып, оқиғалық туризмнің даму тенденцияларын талдау негізгі мақсат болып табылады. Зерттеу барысында авторлар танымның жалпы ғылыми әдістерін: диалектикалық талдау және синтез, сауалнамалар, арнайы зерттеу әдістері; аналитикалық
және графикалық тәсілдерді қолданады.
Аймақтағы негізгі туризмдік нысандарды жандандыруда оқиғалы туризмнің Түркістандағы басты стратегиясын айқындау, салыстырмалы талдау мақаланың ерекшелігі болып отыр.
Зерттеудің негізгі нәтижелері оқиғалы туризмнің басым бағыттарымен қатар, оның Түркістандағы негізгі даму тенденциясы зерделеу болып табылады. Қорытындылай келе, авторлар аймақтағы оқиғалы туризмді дамыту Түркістанға көптеп турист тартатындығына, сондықтан рухани, тарихи, мәдени кешендердегі іс-шаралардың санын көбейтіп, туристерді тарту мәселесі де оқиғалы туризм арқылы дамыту жағдайы көтереді деген тұжырымға келіп, жоғарыдағы мәселелерді зерделеп, одан қорытынды шығарады.

Жарияланды

2024-03-29

Журналдың саны

Бөлім

"ЖАС ҒАЛЫМ" ғылыми-студенттік айдары