ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ТУРИЗМНІҢ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

Авторлар

  • Д. ТУБЕКОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Б. МҰСТАФАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Б. ИЗАТУЛЛАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

этнотуризм, дәстүр, этнос, Мәдени мұра, этнография.

Аңдатпа

Қазіргі қоғамның құндылығы толерантты ойлауды насихаттау және халықаралық қоғамдастық арасында дәстүрлі құндылықтарды ілгерілету мақсатында адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің объектілерін ұқыпты сақтау және ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы туризмін дамыту үшін оның өткен тарихына, мәдени дамуына, табиғи климаттық жағдайына, туристік мекендердің алуан түрлілігіне тиісті көзқараспен байланыстыра отырып материалдық және мәдени әрі рухани объектілеріне негізделген ұлттық туристік брендті ілгерілету тұжырымдамасы негіз болуға тиіс. Ол үшін қойылған міндеттерге тиімді қол жеткізу мақсатында туризмнің бірнеше түрін шоғырландырылатын интегралды тәсілді іске асыру қажет. Мақаланың мақсаты елдің табиғи және тарихи-мәдени мұрасын сақтаудың тиімді
құралдары ретінд экологиялық және этнографиялық туризмді дамыту жолдарын енгізуді ұсыну болып табылады, олар туризмнің жаңа бағытын, атап айтқанда «экологиялық - этнографиялық туризмді» қалыптастырады.

Жарияланды

2024-03-29