ЭКОТУРИЗМ МАРКЕТИНГІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • Е.Н. ПАЙЗУЛЛАЕВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • М.Е. ЖУМАТОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

экотуризм, әлеуметтік желі, әлеуметтік медиа, интернет, турист, маркетинг, технология, табиғи қорық

Аңдатпа

Экотуризм Қазақстандағы туризм индустриясының негізгі бағыты болып табылады, бірақ оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі әлі де төмен. Осыған қарамастан, ол елдің туризм секторында маңызды орын алады және оның дамуының негізгі элементі болып табылады. Бұл мақалада Қазақстандағы экологиялық туризм тақырыбы және оның әлемдік нарықта кездесетін қиындықтары көрсетілген. Экотуризмді дамытуда цифрлық технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Зерттеу жұмысында интернет пен әлеуметтік желілердің экотуризмнің өсуіне әсері талданады. Сонымен қатар, туристер үшін пайдалы ақпаратты қамтитын зерттеу нәтижелері ұсынылған, сондай-ақ Қазақстандағы экотуризмді дамытудың перспективалық бағыттары мен келуші қонақтарды қолда бар мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру әдістері қарастырылған. Мақалада сонымен қатар экотуризм маркетингі саласындағы ағымдағы үрдістер мен мүмкіндіктер талданады. Экотуристердің назарын аудару үшін әлеуметтік желілер мен жаңа T технологияларды пайдаланатын туристік компания, табиғи саябақтар мен қорықтар мысалдары келтірілген. 

Жарияланды

2024-03-29