ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯ: МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС ЖӘНЕ МЕТААНАЛИЗ

Авторлар

  • С. ДӘУІРХАН Сүлеймен Демирел Университеті
  • С. НЫШАНОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • М. AKESHOVA Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

туризм, геймификация, ойын технологиялары, мотивация, когнитивтік дағдылар, межмәдениеттік коммуникация

Аңдатпа

Бұл мақала болашақ туризм мамандарына шетел тілдерін оқытуда геймификацияны қолдану жөніндегі зерттеулерді теориялық тұрғыдан шолып, олардың нәтижелерін метаанализ арқылы жүйелейді. Онда геймификацияның негізгі идеялары мен элементтері қарастырылады, ойынға негізделген әдістер мен цифрлық ойындардың айырмашылықтары көрсетіледі, сонымен қатар халықаралық және отандық тәжірибелер салыстырылады. Арнайы назар мотивацияны арттыруға, когнитивтік дағдыларды дамытуға және лексика мен грамматиканы меңгеруге бағытталған. Мақалада кәсіби туризм жағдайларын модельдеуге арналған кейс-ойындар мен симуляциялардың әлеуеті талданады, бұл межмәдениетті құзыреттілік пен кәсіби бағытталған тілдік қабілеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Метаанализ геймификацияның оң нәтижелерін көрсетеді,
сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия жағдайында зерттеу шектеулері мен олқылықтарды айқындайды. Алынған қорытындылар оқу бағдарламаларын жетілдіруге, геймификацияны LMS платформаларына тиімді интеграциялауға және туризм мамандарын даярлау сапасын арттыруға жол ашады.

Жарияланды

2025-09-29