SWOT-ТАЛДАУ НЕГІЗІНДЕ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК БРЕНДІ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

  • А. КУЛБАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • С. НАХИПБЕКОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • A. ДЖАРИЛКАСИНОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • К. АБДИБАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

SWOT-талдау, туристік бренд, Түркістан қаласы, туризм потенциалы, аймақтық даму, маркетинг стратегиясы, туристік инфрақұрылым, мәдени мұра, экономикалық әсер, бренд имиджі

Аңдатпа

Бұл мақалада Түркістан қаласының туристік бренді әлеуеті SWOT-талдау және TOWS -аналитикалық әдісі негізінде жан-жақты бағаланды. Түркістан – тарихи мәдени мұралары, рухани құндылықтары және заманауи инфрақұрылымымен Қазақстанның жетекші туристік орталықтарының бірі. Зерттеу барысында қаланың негізгі күшті жақтары ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің (ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізімі) болуы, мемлекеттік қолдау шаралары, жаңа инфрақұрылым нысандарының салынуы және тиімді географиялық орналасуы анықталды. Әлсіз тұстары ретінде сервистік қызмет сапасының біркелкі еместігі, туризмнің маусымдылығы, кәсіби кадр тапшылығы және көптілді ақпараттық материалдардың жеткіліксіздігі белгіленді.
Мүмкіндіктер қатарына халықаралық нарықта туристік брендті ілгерілету, туризмнің жаңа түрлерін дамыту, ірі мәдени іс-шараларды өткізу және цифрлық технологияларды енгізу енгізілді. Ал қауіптер қатарында аймақтық бәсекелестік, экономикалық және саяси тәуекелдер, климаттық шектеулер және сервистің халықаралық стандарттарға толық сәйкес келмеуі айқындалды. SWOT әдісін қолдану ішкі және сыртқы факторларды кешенді түрде үйлестіруге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде Түркістанның туризмін дамытудың нақты стратегиялық бағыттарын айқындауға негіз болды. Ұсынылған стратегиялар қаланың халықаралық имиджін нығайтуға, сервистік сапаны арттыруға, туризм бағыттарын әртараптандыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және тұрақты даму әлеуетін күшейтуге бағытталды.

Жарияланды

2025-09-29