ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАР: ТӘУЕКЕЛДЕР МЕН ПАЙДАЛЫЛЫҚ
Кілт сөздер:
туристік инфрақұрылым, инвестициялар, тәуекелдер, пайдалылық, тұрақты дамуАңдатпа
Бұл мақалада туристік инфрақұрылымға салынатын инвестициялардың қазіргі жағдайы мен даму бағыттары талданады. Негізгі назар инвестиция түрлеріне, олармен байланысты тәуекелдерге және табыстылық көрсеткіштеріне аударылған. Туризм саласы экономиканы әртараптандыру мен тұрақты дамуға ықпал ететін стратегиялық бағыт ретінде қарастырылып, постпандемиялық кезеңдегі оның рөлі ерекше атап өтіледі.
Зерттеу 2015–2025 жылдар аралығындағы ақпарат көздеріне сүйеніп жүргізілген. Деректер көзі ретінде UNWTO, Дүниежүзілік банк және fDi Intelligence материалдары пайдаланылған. Инвестициялардың негізгі бағыттары – көлік жүйесі, қонақ үй секторы, ойын-сауық және демалыс инфрақұрылымы, сондай-ақ цифрлық шешімдер (онлайн сервистер, виртуалды турлар, QR-гидтер). Мақалада қаржылық, құқықтық, әлеуметтік және экологиялық тәуекелдердің түрлері қарастырылған. Сондай-ақ БАӘ, Вьетнам, Қытай және Қазақстан елдерінің тәжірибелері NPV, ROI және IRR көрсеткіштері арқылы талданған.
Қазақстан тәжірибесіне және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерінің рөліне айрықша көңіл бөлінген. Зерттеу нәтижесінде инвесторлар мен мемлекеттік органдарға арналған инвестициялардың тиімділігін арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған ұсыныстар берілген.