ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ӨНІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Авторлар

  • M. МӘУЛЕТҚАЗЫ Қазақ спорт және туризм академиясы
  • А. ТУЛЬБАЕВА Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Н. АБИШОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

цифрлық туризм, смарт-туризм, трансформация, Қазақстан, халықаралық тәжірибе

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан туризміндегі цифрлық трансформация үрдістері халықаралық тәжірибемен салыстырыла отырып талданады. Зерттеудің мақсаты – туризм саласында смарт-технологияларды енгізудің мүмкіндіктері мен шектеулерін айқындап, оларды UNWTO, OECD, UNESCO секілді халықаралық ұйымдардың ұсынымдарымен үйлестіру. Зерттеу әдістемесі әдеби шолу, салыстырмалы талдау, контент-анализ, сауалнама және сараптамалық сұхбаттарды қамтиды. Нәтижелерге сәйкес, Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым, кадрлық әлеует және инновациялық шешімдерді енгізу бағытында айтарлықтай ілгерілеу бар, алайда VR/AR технологияларының қолданылуындағы шектеулер, онлайн-платформалардың толық
интеграцияланбауы және цифрлық дағдылардың жеткіліксіздігі байқалады. Мақалада ұсынылған тұжырымдар Қазақстан туризмін Орталық Азиядағы цифрлық туризмнің үлгілік алаңы ретінде дамытуға және халықаралық деңгейге жақындатуға негіз бола алады.

Жарияланды

2025-09-29