МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САЯХАТҚА ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ SOFT SKILLS ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ РӨЛІ (Жас ерекшеліктеріне қарай)
Кілт сөздер:
туризм, білім беру туризмі, саяхат, soft skills, жас ерекшелігі, туризм тәжірибесі.Аңдатпа
Мақала мектеп оқушыларының туризмге деген қызығушылығы мен ынтасын арттырудағы soft skills дағдыларының рөлін зерттейді. Зерттеу барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған білім беру туризмі, мәдени туризм және табиғат туризмі сияқты түрлі туризм тәжірибелері қарастырылды. Туризм мен саяхат іс-әрекеттері арқылы оқушылар коммуникация, командалық жұмыс, шығармашылық ойлау, көшбасшылық және проблемаларды шешу сияқты soft skills дағдыларын тиімді дамыта алды. Деректерді жинау үшін сауалнама, бақылау, рефлексия журналы және сұхбат әдістері қолданылды. Алынған нәтижелер туризм тәжірибесіне қатысқан оқушылардың барлық қарастырылған дағдылар бойынша айтарлықтай өсуін көрсетті. Туризм іс-әрекеттері оқушыларға жаңа адамдармен танысу, топтық тапсырмаларды орындау, шығармашылық шешімдер табу және жауапкершілікті өз мойнына алу мүмкіндігін берді. Саяхат барысында оқушылардың тұлғалық даму деңгейі көтеріліп, туризмге деген қызығушылығы арта түсті. Зерттеу барысында жыныстық ерекшеліктерге байланысты дағдылардың дамуының айырмашылықтары да анықталды: қыз балалар коммуникация және шығармашылық ойлау саласында, ал ұл балалар командалық жұмыс пен көшбасшылық қабілеттерінде белсенді болды. Мақала туризмді білім беру процесіне интеграциялау арқылы мектеп оқушыларының тұлғалық дамуын, туризмге қызығушылығын және саяхат тәжірибелерін тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді. Туризм іс-әрекеттерінің тәрбиелік, дамытушылық және әлеуметтік әлеуеті талданып, практикалық ұсыныстар әзірленген. Зерттеу нәтижелері мектеп жасындағы оқушыларға туризмді және саяхаттарды тұлғалық даму мен soft skills қалыптастыру құралы ретінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.