ЖАСТАРДЫҢ ТУРИСТІК ТАҢДАУЫНА ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТТІҢ ӘСЕРІ (Қазақстанның ішкі туризмі мысалында)

Авторлар

  • Н. АБИШОВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Д. АСАН Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • C. Ыдырыс Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • A. АХЕЛОВА М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

цифрлық контент, әлеуметтік медиа, ішкі туризм, жастар, TikTok, Instagram, туристік талғам, Қазақстан

Аңдатпа

Бұл зерттеу Қазақстандағы ішкі туризмді таңдаудағы жастардың туристік талғамына цифрлық контенттің әсерін талдауға арналған. Зерттеу 2024 жылы 18–30 жас аралығындағы 450 студент арасында жүргізілді. Сандық (сауалнама) және сапалық (контент-анализ) әдістер қолданылып, TikTok, Instagram, YouTube және Telegram платформаларындағы контенттің жастардың туристік таңдауларына ықпалы бағаланды. Нәтижелер көрсеткендей, респонденттердің 75%-і туристік бағытты таңдауда цифрлық контенттің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. TikTok пен Instagram ең ықпалды платформалар болып, визуалды контент (видеороликтер, фотосуреттер) және блогерлердің жеке тәжірибесі шешім қабылдауда негізгі факторларға айналды. Қазақстан контексінде ерекшелік – ұлттық брендтер мен тарихи нысандар блогерлер арқылы насихатталып, бюджеттік туризмге қызығушылықты арттыруда «қолжетімді армандар» ұғымы қалыптасады. Зерттеу нәтижелері туризм саласындағы компанияларға, мемлекеттік органдарға және инфлюенсерлерге әлеуметтік желілерде тиімді контент жасауға, жастар аудиториясын белсенді тартуға және ішкі туризмді дамыту стратегияларын жетілдіруге арналған практикалық ұсыныстар береді.

Жарияланды

2025-09-29