Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main
Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Bulletin of the International University of Tourism and Hospitality» журналы туризм, қонақ үй бизнесі, экономика, кәсіпкерлік, менеджмент және маркетинг бағытындағы өзекті мәселелерді жариялайды.
Международный университет туризма и гостеприимства kk-KZ Bulletin of the International University of Tourism And Hospitality 3007-083X WALKABILITY INDEX ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ҚАТОН-ҚАРАҒАЙ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ТУРИСТІК КЕҢІСТІГІН ТАЛДАУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/529
Бұл мақалада Қатон-Қарағай ұлттық паркінің туристік-рекреациялық территориясының жаяу қолжетімділік индексі (Walkability index) арқылы бағалау қарастырылады. Зерттеудің мақсаты ұлттық парктің туристік кеңістігіндегі маршруттардың байланыстылығын, қауіпсіздігін және инфрақұрылымдық қамтамасыз етілу дәрежесін анықтау болып табылады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұлттық парк аумағындағы туристік маршруттарды жетілдіру, қауіпсіздік және инфрақұрылымдық шешімдерді жоспарлауда нақты деректер беруінде. Авторлар 2025 жылдың жаз айларында жүргізілген далалық зерттеу материалдары негізінде жаяу қолжетімділік индексін бейімдеді. Әдіснама далалық бақылау, сараптамалық бағалау және геодеңгейлік деректерді өңдеу негізінде құрылды. Бағалау барысы бес критерий бойынша (маршруттардың байланыстылығы, навигация, қауіпсіздік, инфрақұрылым, эстетикалық тартымдылық) жүргізілді. Аталған әр критерий сараптамалық баллдық шкала бойынша есептеліп интегралды индекс формуласымен анықталды. Нәтижесінде Рахман қайнары ең жоғары көрсеткіштерге ие болса, Язевое көлі төмен деңгейдегі жаяу қолжетімділік анықталды. Бұл ұлттық парктегі туристік кеңістіктің біркелкі дамымағанын дәлелдейді. Зерттеу құндылығы – жаяу қолжетімділік индексін (WI) қолдану арқылы кез-келген туристік дестинацияларда жаяу туристердің қозғалысын талдаудың жаңа құралы ретінде ұсыну. Алынған нәтижелер болашақта туризм саласындағы жергілікті басқару органдарына туристік ағымдарды оңтайландаруда шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
А. БАЙЗАКОВА А. ДЕВАДЗЕ У. ТАГМАНОВ А. ПАРИДИНОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 6 19 МЕГАПОЛИС ЦИФРЛЫҚ ОРТАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ: МҮМКІНДІКТЕР МЕН ШЕКТЕУЛЕР https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/532
Қазіргі таңда цифрлық технологияларды пайдалану мегаполистердің дамуының ажырамас бөлігіне айналды. Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей, мегаполистің цифрлық ортаны қалыптастырудағы белсенділігі қаланың бәсекеге қабілеттігінің арттыру және туристер үшін оның тартымдылығын күшейтуімен тығыз байланысты.
Бұл зерттеудің өзектілігі қазіргі жағдайдағы қазақстандық қалаларда цифрлық ортаның қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігімен және туристік-экскурсиялық қызметтің жаңа стратегиялық мүмкіндіктерін айқындайтын факторларды анықтауымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, зерттеу барысында авторлар отандық мегаполистердегі қалалық ортаның туристік имиджін қалыптастыруға кері әсер ететін цифрлық  ортаның дамуының кейбір қырларына көңіл бөлді.
Жұмыстың мақсаты – Қазақстан қалалары, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент мысалында цифрлық ортаның туризм саласына әсерін талдау. Зерттеу әдістері ретінде феноменологиялық тәсіл, талдау, синтез және ресми деректер мен аналитикалық жарияланымдарға негізделген эксперименттік зерттеулер қолданылды. Зерттеу барысында алыңған нәтижелер көрсеткендей, цифрлық технологиялар туристік қызмет көрсетудің тиімділігін айтарлықтай арттырып, ақпараттың қолжетімділігін және жекелендірілуін қамтамасыз етеді. Алайда, бұл үдеріс қалалық кеңістіктердің бірегейлігін сақтау мен туристік маршруттардың шамадан тыс жүктелуін болдырмау үшін тепе-теңдік сақтауды талап етеді.
Э. НАРБАЕВА А. МУКАНОВ С. ГЮНАЙ Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 20 38 МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ЭКСКУРСИЯНЫҢ ТУРИСТІК ДЕСТИНАЦИЯНЫ ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ ӘСЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/533
Туризм саласының цифрлық трансформациялануы, дестинациялар арасындағы бәсекелестіктің күшеюі және мәдени контентті тұтынудың иммерсивті форматтарына сұраныстың артуы мультимедиялық экскурсиялар мен 8D-аттракциондарды туристік аймақтарды ілгерілетудің инновациялық тетігі ретінде ғылыми тұрғыдан зерделеуді өзекті етеді. Бұл зерттеу Қазақстандағы алғашқы 8D-форматты «Алтын Самұрық» мультимедиялық экскурсиясының туристік дестинация имиджін қалыптастырудағы, туристік тәжірибенің сапасын арттырудағы және келушілердің қайта бару мен ұсыну ниеттеріне ықпал етудегі рөлін бағалауға бағытталған. Зерттеу әдістемесі smart-tourism және аумақтық маркетинг бойынша ғылыми әдебиеттерге теориялық шолу, нысанға қатысты кейс-стади, келушілерді сауалнамалау (N=100) және сипаттамалық статистикалық талдауды қамтиды. Нәтижелер мультимедиялық экскурсияның келушілерді жоғары деңгейде тартатынын және қанағаттану көрсеткіші өте жоғары екенін көрсетті: респонденттердің 90%-дан астамы аттракцион сапасын «өте жақсы» деп бағалап, оны басқаларға ұсынуға дайын екенін білдірді. Мультимедиялық формат өңірдің жағымды имиджін нығайтып, мәдени мұра мен туристік қабылдау арасындағы байланысты күшейтетіні, сондай-ақ аумақтық маркетингтің тиімді құралы бола алатыны анықталды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстан жағдайында иммерсивті технологияларды туристік дестинацияларды ілгерілету құралы ретінде қолданудың ерекшеліктерін айқындау. Практикалық маңыздылығы мультимедиялық өнімді жетілдіру және масштабтау бойынша ұсынымдар әзірлеу, соның ішінде көптілді сүйемелдеу, контентті кезеңді жаңарту, аудиторияның жас және мәдени ерекшеліктеріне бейімдеу, сондай-ақ аттракционды кешенді туристік маршруттарға интеграциялау. Алынған нәтижелер туризмді басқару органдары, мәдени-ойын-сауық нысандарының девелоперлері және туроператорлар үшін дестинацияларды ілгерілету стратегияларын жобалау кезінде пайдалы бола алады.
Б. АЛЬМУХАМБЕТОВА Д. ТУБЕКОВА А. ДЖАКСИЛИКОВ A. ШОКПАРОВ Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 39 57 БОЛАШАҚ ТУРИЗМ МАМАНДАРЫНА АРНАЛҒАН ИММЕРСИВТІ ЖӘНЕ ГЕЙМИФИКАЦИЯҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТІЛДІК ДАЯРЛАУДЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛІ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/534
Бұл зерттеудің мақсаты – болашақ туризм мамандарының кәсіби шет тілі құзыреттілігін дамытуға бағытталған иммерсивті технологиялар, геймификация элементтері және цифрлық оқу стратегияларын біріктіретін интеграциялық модельді әзірлеу және оның тиімділігін эмпирикалық тұрғыдан негіздеу. Зерттеу квази-эксперименттік әдіс арқылы жүргізіліп, оған туризм мамандығы бойынша білім алатын 45 студент қатысты. Студенттер бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Эксперименттік топ VR негізіндегі иммерсивті симуляциялар мен геймификацияланған сценарийлерді қамтитын цифрлық оқу ортасында оқытылды, ал бақылау тобы дәстүрлі әдістер бойынша білім алды.
Сандық деректер IBM SPSS Statistics бағдарламасында өңделді. Айнымалылардың бір бөлігінде нормалдылықтың бұзылуына байланысты топтар арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін Манн–Уитни U критерийі қолданылды. Нәтижелер эксперименттік топтың посттест көрсеткіштері бойынша статистикалық тұрғыдан мәнді өсім көрсеткенін дәлелдеді (U = 128.5, p = 0.003), әсер көлемі орташа мен жоғары деңгей аралығында (r ≈ 0.48). Приростты талдау эксперименттік топтағы өсім (+11.42) бақылау тобымен салыстырғанда (+2.46) төрт еседен артық болғанын көрсетті. Құралдардың сенімділігі кәсіби құзыреттілік тестінің ішкі келісімділігі (Cronbach’s α = 0.81) және ауызша сөйлеуді бағалаудағы сарапшылар арасындағы келісімнің жоғары деңгейімен (Cohen’s κ = 0.76) расталды. Сапалық талдау нәтижелері студенттердің кәсіби сенімділігінің артқанын, коммуникативтік мазасыздықтың төмендегенін және оқу үдерісіне эмоционалдық тұрғыдан белсенді қатысуының күшейгенін көрсетті.
Зерттеу нәтижелері иммерсивті симуляция мен құрылымдалған геймификацияның үйлесімі танымдық, мінез-құлықтық және кәсіби даму көрсеткіштеріне кешенді әсер ететінін дәлелдейді. Ұсынылған интеграциялық модель туризм саласындағы тілдік білім беруді жаңғыртуға арналған масштабталатын және практикалық тұрғыдан маңызды шешім болып табылады, әсіресе халықаралық тәжірибе мүмкіндігі шектеулі өңірлер үшін өзекті.
М. АКЕШОВА И. САГДУЛЛАЕВ Д. САРЖАНОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 58 72 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ IT-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МЕН АҚЫЛДЫ ҚАЛАЛАР ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖАҢҒЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ДАМУЫ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/535
Мақалада цифрлық жаңғыртудың жаңа кезеңі жағдайында қызмет көрсету саласындағы IT-инфрақұрылымды дамыту мен ақылды қалалар тұжырымдамасының теориялық негіздері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – қалалық цифрлық экожүйені қалыптастыруға қатысты заманауи ғылыми тәсілдерді жүйелеу және IT-инфрақұрылымның сервистік ортаны трансформациялаудағы рөлін айқындау. Зерттеу ғылыми-теориялық сипатқа ие және 2019–2025 жылдардағы ғылыми жарияланымдарды жүйелі талдауға, Smart City негізгі ұғымдарына контент-талдау жүргізуге, тұжырымдамалық модельдерді салыстырмалы талдауға, сондай-ақ құрылымдық-функционалдық және жүйелік тәсілдерді қолдануға негізделген.
Зерттеу нәтижесінде Smart City тұжырымдамасының технологияға бағдарланған парадигмадан интеграциялық сервистік модельге эволюциясы анықталды. IT-инфрақұрылым тек техникалық және аналитикалық функцияларды атқарып қана қоймай, қалалық қызметтерді біріктіретін үйлестіруші механизм ретінде қызмет ететіні көрсетілді. Цифрлық жаңғыртудың үш деңгейлі моделі ұсынылды: технологиялық негіз, интеграциялық платформа және сервистік экожүйе. Қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі платформалық интеграция деңгейіне және инфрақұрылымдық жетілу дәрежесіне тікелей тәуелді екендігі дәлелденді.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы – ақылды қаланың технологиялық архитектурасы мен қызмет көрсету саласының трансформациясы арасындағы өзара байланысты жүйелі түрде негіздеуде. Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін қалаларды цифрлық дамыту стратегияларын әзірлеуде және қалалық сервистік саясатты жетілдіруде қолдану мүмкіндігінде.
Ж. САДЫКОВ А. ДОШАН А. АХЕЛОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 73 87 ТУРИЗМДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕР ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/538
Мақалада туризм саласында жасанды интеллект пен үлкен деректер технологияларын қолданудың теориялық негіздері және олардың даму бағыттары қарастырылады. Зерттеу тұжырымдамалық сипатта жүргізіліп, заманауи ғылыми еңбектерді талдау мен жүйелеуге негізделген. Цифрлық трансформация теориясы, деректерге негізделген басқару тұжырымдамасы, ақпаратты өңдеу тәсілдері және сервистерді автоматтандыру теориясы туризмге интеллектуалды технологияларды енгізудің әдіснамалық негізі ретінде талданады.
Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект пен үлкен деректердің жекелеген құралдар емес, туризмдегі стратегиялық басқаруға, қызмет көрсету моделіне, сұранысты болжауға және туристік дестинацияларды басқаруға ықпал ететін өзара байланысты жүйелер екенін көрсетеді. Негізгі даму бағыттары ретінде қызметтерді дараландыру, болжамдық аналитиканы қолдану, «ақылды туризм» экожүйелерін қалыптастыру, операциялық процестерді автоматтандыру және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық шешімдер айқындалды. Сонымен қатар деректер қауіпсіздігі, алгоритмдердің ашықтығы және еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты мәселелер атап өтілді.
Зерттеу қорытындылары интеллектуалды технологиялардың туризм саласының бәсекеге қабілеттілігі мен ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттырудағы рөлін теориялық тұрғыдан негіздейді және болашақ эмпирикалық зерттеулер мен цифрлық даму стратегияларын әзірлеуге негіз бола алады.
Е. БЕСЕКЕЙ М. ӘДІЛБЕК А. ЕРМАКОВА Л. БИСЕНОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 88 99 ГИБРИДТІ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ФОРМАТЫ: СТУДЕНТ-ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ WORKATION ОРТАСЫН ҚАБЫЛДАУЫН ТАЛДАУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/540
Соңғы жылдары гибридті еңбек үлгілерінің кеңеюі туризм тәжірибесіне де, қонақжайлылық саласындағы қызмет көрсету форматына да елеулі өзгерістер әкелді. Workation құбылысы көбіне цифрлық көшпенділер мен қашықтан жұмыс істейтін мамандар контекстінде зерттелгенімен, осындай гибридті «жұмыс–демалыс» ортасында өндірістік тәжірибеден өтетін қонақжайлылық мамандығы студенттерінің тәжірибесі жеткілікті деңгейде қарастырылмаған. Бұл зерттеу студенттердің практика барысында гибридті ортаға деген көзқарасын және оның қанағаттану деңгейіне, күйзелісіне, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікке, сондай-ақ кәсіби уәжіне қалай әсер ететінін талдауға бағытталған.
Зерттеу аясында «Туризм» және «Мейрамхана ісі мен қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламаларында оқитын 112 бакалавр студент арасында сандық сауалнама жүргізілді. Деректер құрылымдалған сауалнама арқылы жиналып, тәжірибеге қанағаттану, жұмыс–жеке өмір балансы, күйзеліс деңгейі, ортаның гедоникалық қабылдануы және кәсіби мотивация көрсеткіштері өлшенді. Мәліметтерге сипаттамалық статистика, сенімділік талдауы, корреляциялық және регрессиялық талдау қолданылды.
Нәтижелер көрсеткендей, ортаны жағымды әрі тартымды деп қабылдау тәжірибеге қанағаттануға елеулі әсер етеді және кәсіби мотивациямен оң байланыста. Ал жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сезіну күйзеліс деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар курорттық қонақүйлерде тәжірибеден өткен студенттердің кәсіби ынтасы қалалық қонақүйлерде өткендерге қарағанда жоғары екені анықталды.
Жалпы алғанда, гибридті қонақжайлылық ортасы тек жұмыс орны ғана емес, болашақ мамандардың кәсіби және эмоциялық қалыптасуына ықпал ететін кеңістік ретінде көрінеді. Қазақстан сияқты дамып келе жатқан туристік бағыттар үшін тәжірибе ортасының сапасын, эмоционалдық тартымдылығын және еңбек жүктемесінің теңгерімділігін қамтамасыз ету саладағы кадрлық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Д. РАХИМОВА А. ШОКПАРОВ Г. АШИРБЕК А. БАСХОЖАЕВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 100 114 ТУРИЗМДЕГІ МӘДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫНЫҢ МӘТІНДІК СИПАТТАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/541
Мақалада туризм саласында мәдени мұра нысандарын сипаттайтын туристік мәтіндердің құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – мәдени мұра объектілерін таныстыратын туристік мәтіндердің негізгі құрылымдық элементтерін анықтау және олардың туристік коммуникациядағы рөлін талдау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы талдау, мәтіндік талдау және контент-талдау әдістері қолданылды. Зерттеу материалы ретінде Қазақстанның туристік ақпараттық порталдарында жарияланған мәдени мұра нысандары туралы 30 туристік мәтін іріктеліп алынды. Контент-талдау нәтижесінде туристік мәтіндердің құрылымында бірнеше негізгі элементтердің тұрақты түрде қолданылатыны анықталды. Олардың қатарында тарихи ақпарат, мәдени мазмұн, бағалауыш сипаттағы лексика және туристік тәжірибені сипаттайтын элементтер бар. Зерттеу нәтижелері туристік мәтіндердің тек ақпараттық сипатқа ие емес, сонымен қатар туристік дестинацияның тартымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған коммуникациялық құрал екенін көрсетті. Сонымен қатар туристік мәтіндер мәдени мұраны таныстыруда және туристердің белгілі бір аймаққа деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Зерттеу нәтижелері туристік ақпараттық материалдарды әзірлеу кезінде мәдени мұра нысандарын тиімді таныстыруға арналған мәтіндік стратегияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Д. БАЛТАБЕКОВА У. КАРАКУЛОВА Г. БАЙБОСЫНОВА Д. КАДЫРБЕКОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 115 127 ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ НЕГІЗІНДЕ САНАТОРИЙ-КУРОРТТЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/542
Мақалада Түркістан өңірінің рекреациялық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде санаторий-курорттық туризмді дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі емдік-сауықтыру туризміне деген қызығушылықтың артуымен және өңірлердің табиғи ресурстарын тиімді пайдаланудың маңыздылығымен түсіндіріледі. Зерттеудің мақсаты – Түркістан облысының рекреациялық әлеуетін талдау және оны санаторий-курорттық туризмді дамытуда пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, жарияланымдарға контент-талдау жүргізу, жүйелік және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ сипаттамалық статистика тәсілдері қолданылды. Зерттеу аясында емдік-сауықтыру туризмінің дамуына арналған 25 ғылыми дереккөз қарастырылды.
Зерттеу нәтижелері Түркістан облысының рекреациялық әлеуеті жоғары екенін көрсетті. Өңірдегі санаторий-курорттық туризмнің дамуына табиғи емдік ресурстар, әсіресе Сарыағаш пен Манкент курорттарының минералды сулары маңызды әсер етеді. Табиғи ресурстарды туристік инфрақұрылымды дамыту арқылы тиімді пайдалану өңірдегі туристік қызметтің кеңеюіне ықпал етуі мүмкін екендігі атап өтіледі.
Алынған нәтижелер санаторий-курорттық туризмді дамыту Түркістан облысының рекреациялық әлеуетін тиімді пайдаланудың маңызды бағыттарының бірі бола алатынын көрсетеді.
А. ЕСЕНОВА Д. ФАЙЗИЕВ А. ТӨРЕХАН Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 128 138 SENIOR TOURISM НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/543
Бұл ғылыми мақалада senior tourism  нарығының қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары жан-жақты талданады. Қазіргі кезеңдегі жаһандық демографиялық өзгерістер, әсіресе халықтың қартаю үдерісінің жеделдеуі  үшін жас  туристер сегментінің туристік индустриядағы рөлін айқындап отыр.  Осыған байланысты егде жастағы туризм  бағыты туризмнің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды және перспективалы сегменттерінің бірі ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты - senior tourism   нарығының қалыптасу  ерекшеліктерін, даму бағыттарын және тұтынушылық сұранысының құрылымын анықтау. Зерттеу барысында егде жастағы туристердің саяхат мотивациясы, туристік мінез-құлқы, қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптары мен туристік өнімді таңдау ерекшеліктерін зерттелді. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы  senior tourism   ұғымының теориялық негіздерін жүйелеу және нарықтың  дамуына  әсер ететін негізгі  факторларды айқындау арқылы көрініс табады. Ал практикалық маңыздылығы  туристік ұйымдар мен қонақжайлылық индустриясы субъектілеріне арналған егде жастағы туристерге бейімделген туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлеуге арналған ұсыныстарымен  сипатталады. Зерттеу әдіснамасы ретінде ғылыми әдебиеттерді талдау, салыстырмалы талдау, статистикалық деректерді өңдеу және жүйелік тәсілге негізделген. Зерттеу нәтижелері senior tourism   нарығының тұрақты даму әлеуеті жоғары екенін, сондай-ақ сауықтыру, мәдени-танымдық және рекреациялық туризм түрлеріне сұраныстың артып келетінін көрсетті. Зерттеу қорытындылары туризм саласын стратегиялық жоспарлау үдерісінде және туристік қызметерді әртараптандыруда практикалық маңызға ие.
Н. ЖОЛМАНОВА М. АБДИКАРИМОВА Д. АЛИМБЕКОВ А. АМАНҒАЗЫЕВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 139 155 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/545
Қонақжайлылық саласы заманауи цифрлық технологиялардың әсерінен белсенді трансформация кезеңінде, бұл қызмет көрсету сапасы мен бизнес-процестердің тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл жұмыста жасанды интеллект, блокчейн технологиялары мен автоматтандыруды қоса алғанда, Қазақстанда да, әлемдік контексте де қонақ үй-мейрамхана саласында кеңінен қолданылатын негізгі инновацияларға кешенді талдау жүргізілді. Зерттеудің мақсаты жасанды интеллектті енгізу жөніндегі деректерді талдау және жергілікті нарықтың ерекшелігін, цифрлық жетілу деңгейін және инфрақұрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, жаһандық деңгейде де, қазақстандық жағдайында да шешімдерді енгізу жөніндегі тәжірибелерді айқындау болып табылады. Қазақстанда жаһандық трендтердің қалай бейімделетінін және елде инновацияларды кеңінен енгізу үшін қандай кедергілер мен артықшылыұтары бар екенін көрсететін салыстырмалы талдауға ерекше назар аударылды. Мақалада келтірілген практикалық мысалдар енгізілген технологиялардың саланың дамуына нақты әсерін растайды, олардың маңыздылығын және осы саланың жұмыс берушілерінің қонақжайлылық саласына енгізілуін көрсетеді. Болашақта цифрландыру әлемдік ауқымда да, ұлттық деңгейде де қонақжайлылық индустриясында компаниялардың бәсекелестік артықшылықтарын және стратегиялық дамуын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратын болады. Сауалнама арқылы қонақ үй индустриясындағы цифрландырудың проблемалары мен артықшылықтарын анықтау қонақжайлылық саласындағы жасанды интеллектті қолдана отырып, заманауи даму факторларын зерттеуге бағытталған. Зерттеудің өзіндік ерекшелігі – ел экономикасының дамуына әсер ететін инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығын анықтау. Зерттеудің құндылығы-жасанды интеллекттің одан әрі дамуының аспектілерін анықтау.  Жұмыста роботты машиналарды енгізу бойынша ұсыныстар және нано-технологияларды пайдалану кезінде пайдалануы бойынша олардың ықтимал қауіптері ұсынылған. Зерттеу нәтижелері қонақжайлылық саласындағы цифрландыруды жетілдіру мақсатында жасанды интеллекті, инновациялық технологияларды енгізу кең мүмкіндіктерге жол ашатынын көрсетті.
Ж. ЖУСУПОВА Р. ДҮЙСКЕНОВА Д. КАДЫРБЕКОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 156 171 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/546
Мақалада Қазақстан Республикасының Түркістан облысында туризмді дамытудың экономикалық аспектілері эмпирикалық зерттеу нәтижелері негізінде қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі туризмнің өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды факторы ретіндегі рөлінің артуымен және нақты аймақ деңгейінде оның экономикалық әсерін бағалау қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – туристік қызметтің халықты жұмыспен қамтуға, кәсіпкерлік табысына, өңірдің инвестициялық тартымдылығына және саланы мемлекеттік қолдау деңгейіне ықпалын анықтау.
Зерттеу сандық әдіснама шеңберінде сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылды (N = 137). Мәліметтерді өңдеу барысында сипаттамалық статистика, Пирсонның корреляциялық талдауы және Стьюденттің t-критерийі қолданылды. Зерттеу құралының сенімділігі Кронбах альфа коэффициентімен (0,81) расталды.
Туризм Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді, алайда инфрақұрылымдық және институционалдық шектеулерге байланысты оның әлеуеті толық іске асырылмай отыр. Зерттеу нәтижелері өңірлік туристік саясатты жетілдіру және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету барысында пайдаланылуы мүмкін.
А. РИЗАХОДЖАЕВ М. ОНБАЕВА А. ПАРИДИНОВА У. КЕНЖЕБАЕВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 172 184 ҚАЗАҚСТАНДА ИНКЛЮЗИВТІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/547
Мақала қонақжайлылық индустриясының қазіргі жай-күйі контекстінде инклюзивті туризмнің ерекшелігін талдауға және оның Қазақстандағы дамуын бағалауға арналған. Инклюзивті туризм халықтың өмір сүру сапасына, әлеуметтік тұрақтылыққа, экономикалық тиімділікке және туристік саланың инновациялық әлеуетіне әсер ететін маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Цифрландыру, урбанизация және халықаралық ұтқырлықтың өсуі жағдайында ерекше қажеттілігі бар адамдар мен бейімделген инфрақұрылымға мұқтаж басқа топтар үшін туристік қызметтердің қолжетімділігін айқындайтын факторларды зерделеу қажеттілігі күшейтіледі.
Зерттеуде қол жетімді туристік ортаны қалыптастыруға кедергі келтіретін негізгі проблемалар мен кедергілер анықталды, сондай-ақ саланың инклюзивтілік деңгейіне әсер ететін тетіктер қарастырылды. Талдау негізінде нормативтік базаны жетілдіруді, инфрақұрылым сапасын арттыруды, цифрлық шешімдерді енгізуді және мамандандырылған туристік қызметтер спектрін кеңейтуді қамтитын Қазақстанда инклюзивті туризмді дамытудың басым бағыттары ұсынылды.
Қолжетімділікті стандарттауға, ақпараттандырудың цифрлық платформаларын дамытуға, мемлекет тарапынан қолдауға және инклюзивті туристік сегменттердің экономикалық әлеуетін ашуға баса назар аударылатын шетелдік тәжірибені зерделеуге ерекше назар аударылды. Алынған нәтижелер инклюзивті туризм саласында тиімді мемлекеттік және салалық саясатты қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
Н. ҚАЛГАНБАЕВ Г. АЙТБАЕВА М. ЖҰБАНОВА Д. АХМЕДЖАНОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 185 201 ТҮРКІСТАН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСҚА ӨҢІРЛЕРІНДЕ ТҰРАҚТЫ ТУРИЗМДІ БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/548
Қазақстандағы тұрақты туризмді басқару модельдері салыстырмалы түрде талданып, Түркістан облысының тәжірибесі басқа аймақтармен салыстырылып қарастырылады. Зерттеу барысында аймақтық саясат, инфрақұрылым, экологиялық және әлеуметтік аспектілер ескеріліп, тиімді басқару стратегиялары ұсынылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Қазақстан өңірлерінде тұрақты туризмді басқару тәсілдерін жүйелі салыстыру және оларды жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар ұсыну. Практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді мемлекеттік органдар, туристік бизнес субъектілері және жергілікті қауымдастықтар үшін қолдануға болады. Зерттеу барысында статистикалық деректерді талдау, салыстырмалы әдіс, сауалнама жүргізу және сараптамалық бағалау әдістері қолданылды. Мақала қорытындысында аймақтық туризмді дамытудағы негізгі мәселелер анықталып, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылады.
Мақаланың негізгі мақсаты – Түркістандағы тұрақты туризмді басқару моделін зерттеу және оны Қазақстанның басқа аймақтарындағы тәжірибелермен салыстыру арқылы оңтайлы даму стратегияларын анықтау. Сондай-ақ, экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, тұрақты туризмді дамытуға арналған ұсыныстар беру.
Зерттеу барысында келесі әдістер қолданылды, салыстырмалы талдау – Түркістан облысы мен басқа аймақтардың басқару модельдері салыстырылды.
Нәтижелер. Түркістан облысының тәжірибесі: Соңғы жылдары Түркістан туристік инфрақұрылымды дамытудың және мәдени мұраны сақтаудың белсенді саясатын жүргізуде. Түркістанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде заманауи қонақ үйлер, тарихи ескерткіштерді жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Басқа аймақтардың тәжірибесі: Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары табиғи туризмге басымдық берсе, Атырау мен Маңғыстау облыстары экологиялық туризмді дамытуда. Ортақ мәселелер: Барлық аймақтарда тұрақты туризмді дамытуда экологиялық жүктеменің артуы, инфрақұрылымның жетіспеушілігі және жергілікті тұрғындардың туризмге қатысуының төмен деңгейі сияқты қиындықтар кездеседі. Тиімді стратегиялар: Түркістан облысының мәдени-тарихи туризмді дамыту тәжірибесін басқа аймақтарға бейімдеу, цифрлық технологияларды енгізу және туристердің жауапкершілігін арттыру шаралары ұсынылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тұрақты туризмді дамыту үшін кешенді басқару модельдері қажет. Түркістан облысының тәжірибесі мәдени мұраны сақтау мен инфрақұрылымды жетілдіру тұрғысынан тиімді болса, табиғи туризмге бағытталған аймақтар экологиялық аспектілерді ескеруді күшейтуде. Қазақстанда тұрақты туризмді дамыту үшін мемлекеттік қолдау, жеке сектордың белсенділігі және қоғамның қатысуын арттыру маңызды. Осылайша, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, кешенді және тұрақты даму стратегияларын қалыптастыру қажет.
А. КУЛБАЕВА Д. ТУБЕКОВА У. ТАГМАНОВ Д. БАЛТАБЕКОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 202 217 ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫ: COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОДАН КЕЙІНГІ ЖОСПАРЛАУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/549
COVID-19 пандемиясы әлемдік туризм индустриясы үшін бұрын-соңды болмаған сынақ болды және дағдарыстық жағдайларға алдын ала дайындықтың маңыздылығын көрсетті. Бұл зерттеудің мақсаты – пандемияға дейінгі және одан кейінгі бизнестің үздіксіздігін жоспарлау және дағдарысты басқару тәжірибесін зерттеу арқылы туристік кәсіпорындардың дағдарыстарға дайындығын талдау. Зерттеудің эмпирикалық базасын әлемнің 40-тан астам елінен туристік компаниялардың 368 респондентінен алынған сауалнама деректері құрады. Нәтижелер пандемияға дейін компаниялардың тек 37,5%-ында жазбаша бизнес-үздіксіздік жоспары немесе дағдарысты басқару жоспары болғанын көрсетті. Пандемиядан кейін респонденттердің 62%-ы осындай жоспарларды әзірлегенін немесе жаңартқанын хабарлады. Жоспар құрамдастарын талдау клиенттерге арналған коммуникациялық стратегиялардың (18,6%), төтенше жағдайларда әрекет ету жоспарларының (18,0%) және дағдарысқа қарсы командаларды құрудың (16,7%) ең көп таралған элементтер екенін анықтады. Жауаптардың сапалық талдауы тәсілдердің біртекті еместігін көрсетті: формальды жоспарлардан бастап жағдайға интуитивті түрде жауап беруге дейін. Алынған нәтижелер туристік кәсіпорындардың болашақ дағдарыстарға төзімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін практикалық маңызға ие және саладағы дағдарысты жоспарлау тәжірибесін институттандыру қажеттілігін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы алдыңғы жұмыстардан - негізінен жекелеген елдерге немесе сегменттерге бағытталған - ерекшеленеді: жаһандық деңгейде туроператорлар, турагенттіктер және қонақ үй кәсіпорындары бойынша салыстырмалы кросс-мәдени талдау жүргізіледі. Нәтижелер дағдарыстық жоспарлаудың институттандырылуын жеделдету бойынша менеджерлерге, салалық бірлестіктерге және мемлекеттік органдарға арналған нақты ғылыми ұсыныстармен толықтырылған.
А. АХМЕТБАЕВА В. ГАРКАВЕНКО Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 218 228 ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ: ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/552
Бұл мақалада өңірлік деңгейде туризм саласының инвестициялық тартымдылығына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі туристік әлеуеті жоғары, бірақ толық іске асырылмаған өңірлерде инвестиция тартуға ықпал ететін жағдайларды тереңірек түсіну қажеттілігімен байланысты.
Зерттеудің мақсаты – өңірлік ерекшеліктер мен туристердің қабылдауын ескере отырып, туризм саласының инвестициялық тартымдылығын айқындайтын негізгі факторларды анықтау және бағалау. Зерттеу барысында сандық әдіс қолданылды: туристер арасында сауалнама жүргізілді (N = 100), ал алынған деректер IBM SPSS Statistics бағдарламасының көмегімен сипаттамалық статистика, сенімділік талдауы, салыстырмалы және корреляциялық талдау әдістері арқылы өңделді.
Алынған нәтижелер инвестициялық тартымдылық факторларының иерархиялық құрылымы қалыптасатынын көрсетеді, мұнда базалық жағдайлар шешуші рөл атқарады. Зерттеудің практикалық маңызы оның нәтижелерін өңірлік инвестициялық саясатты әзірлеуде және туризм саласын дамыту стратегияларын қалыптастыруда қолдану мүмкіндігімен анықталады.
С. ЫДЫРЫС А. РИЗАХОДЖАЕВ Н. БАТЫРОВА А. КАСЫМОВА Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 229 243 БОЛАШАҚ ТУРИЗМ МАМАНДАРЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУІН САНДЫҚ ӘҢГІМЕЛЕУ ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЖАҚСАРТУ https://journal.iuth.edu.kz/index.php/main/article/view/553
Бұл мақалада тілді оқытуда сандық әңгімелеу технологиясын қолдану қарастырылады, оның оқушылардың қызығушылығын, мотивациясын және оқу нәтижелерін жақсарту әлеуетіне назар аударылады. Цифрлық әңгімелеуді тілді оқыту контекстіне интеграциялау білім беру саласында оның шынайылығы мен сандық тілді үйренушілерді тиімді тілді меңгеруге тарту және тілді оқытуды адамгершілікке, контекстік және мотивациялық ету қабілетіне байланысты үлкен назар аударды. Оқыту процесінде оқушыға бағытталған, қызықты және қуатты сандық әңгімелеу әдісін қолдану арқылы педагогтар дәстүрлі тілді оқыту әдістерін динамикалық және қызықты тәжірибеге айналдыра алады. Бұл зерттеу сандық әңгімелеудің теориялық негіздерін, оның тілді оқытудағы қолданылуын және болашақ туризм мамандарының академиялық нәтижелеріне әсерін қарастырады. Зерттеу нәтижелері сандық әңгімелеу технологиясы болашақ туризм мамандарының тілді меңгеруін жақсартып, шынайы оқу атмосферасын қалыптастырудың тиімді құралы бола алатынын көрсетеді.
Г. ЯКИЯЕВА С. ДЖАМАЛОВА Б. АБДУЛХАКОВ Авторлық құқық (c) 2026 2026-03-30 2026-03-30 I(11) 244 255