ТҰРАҚТЫ ТУРИСТІК СЕКТОРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДЕГІ АҚЫЛДЫ ҚАЛАНЫҢ МАҢЫЗЫ

Авторлар

  • Н.T. БАТЫРОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • С. А. НАХИПБЕКОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А.А. КУЛБАЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • С.Б. ДАНЫШБАЕВ Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

ақылды қала, ақылды туризм, ақылды экономика, ақпараттықкоммуникациялық технологиялар

Аңдатпа

"Ақылды қала", "ақылды туризм" терминдері қазіргі таңда өте танымал болып, өзекті мәселеге айналды. Зерттеудің мақсаты - "ақылды қалалар" мен "ақылды туризм" туралы соңғы әдебиеттерге шолу жасай отырып, олардың тұрақты туристік секторға қол жеткізуге, туристік сектордың бәсекеге қабілеттілігін заманауи жолмен арттырудағы рөлін талдау болып табылады. Сонымен қатар, "ақылды қалаларды" құру және пайдалану арқылы қаладағы туризмнің өсуі мен даму жолдарын анықтау. Осы зерттеу нәтижесінде "ақылды қала" мен "ақылды туризм" арасында тығыз байланыс болғанымен, "Ақылды қала" туристік бағыттардың өсуі мен дамуында шешуші рөл атқаратыны белгіленген. Ақылды қала туристік кешендердің өзара байланыстарының нәтижесі болып табылады. Мақалада, Түркістан қаласында "ақылды туристік қалалардың" қағидаларын пайдалану ұсыныстары
бар. Ақылды туристік қаланың қағидаларын пайдалану арқылы Түркістан қаласының брендін қалыптастыруға жол ашылады. Мақалада статистикалық және сауалнамалық әдістер қолданылған. Сауалнама жауаптары SPSS 22. бағдарламасына енгізіліп, ақылды қала құру үшін өзгермелі элементтеріне қатысты нормативті тест нәтижелері мен факторлық талдау жасалынды.

Жарияланды

2023-12-29