САРЫАҒАШТЫҢ ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНІҢ САУЫҚТЫРУ ТУРИЗМІ БРЕНДІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Кілт сөздер:
Түркістан өңірі, табиғи-климаттық әлеует, сауықтыру туризмі, минералды су, табиғи ресурстарАңдатпа
Мақалада Түркістан өңірінің сауықтыру туризмінің брендін қалыптастыру үшін негіз ретінде Сарыағаш шағын қаласының табиғи-климаттық әлеуеті зерттеледі. Зерттеудің мақсаты - аймақты сауықтыру туризмінің бәсекеге қабілетті орталығы ретінде дамыту мақсатында аумақтың табиғи және климаттық ресурстарын пайдалану мүмкіндігін ғылыми негіздеу болып табылады. Әдістемелік база жүйелік, географиялық және SWOT талдаулардан, сондай-ақ сарапшылық сауалнамалар дантұрады. Климаттық сипаттамалар, бальнеологиялық ресурстар, қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және олардың шипажайлық кешеннің дамуына әсері талданады. Бірегей минералды су көздері, ыңғайлы климат және қолайлы экологиялық жағдай аймақтың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыратыны анықталды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін туризмді дамыту, аумақтық маркетинг және шипажайлық қызметтерді ілгерілету стратегияларын әзірлеу кезінде қолдану болып табылады. Табиғи әлеуетті тұрақты пайдалану негізінде сауықтыру туризмінің брендін қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасалды, бұл туристік тартымдылықты арттыруға және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.