ҚОЛЖЕТІМДІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МӘДЕНИ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Кілт сөздер:
Қолжетімді туризм, мәдени алмасу, этикалық туризм, жергілікті қауымдастықтар, туристік тәжірибе, мәдениетаралық өзара әрекеттестік.Аңдатпа
Бұл мақалада Түркістан өңіріндегі туристер мен жергілікті тұрғындар арасындағы мәдени алмасу формаларына қолжетімді (бюджеттік) туризмнің әсері қарастырылады. Тақырыпқа жалпы шолулардан айырмашылығы, зерттеу эмпирикалық деректерге сүйенеді: соңғы бір жыл ішінде өңірге келген 171 туристке жүргізілген сауалнама және жергілікті тұрғындардың 30 тереңдетілген сұхбаты. Мұндай зерттеу дизайны бюджеттiк туризм жағдайындағы мәдениетаралық өзара әрекеттестіктің оң және проблемалық жақтарын анықтауға мүмкіндік берді.
Зерттеуде бюджеттiк туризмнің негізгі сипаттамалары, оның қатысушыларының бейіні мен екі тарапқа да әкелетін пайдасы нақтыланып, сондай-ақ мәдени алмасудың тереңдігін шектейтін кедергілер (тілдік барьер, мәдени стереотиптер, бейресми қарым қатынасқа арналған инфрақұрылымның жетіспеушілігі) тіркелді. Ерекше назар мәдени алмасу типологиясына — үстірт, спонтанды және өзара — аударылды, олардың әрқайсысы тартылу деңгейі мен өзара әрекеттестіктің тұрақтылығымен сипатталады. Алынған деректер көрсеткендей, бюджеттiк туризм аясындағы мәдени алмасудың фрагментарлық сипатына қарамастан, диалогты қолдайтын жағдайлар болғанда (қолжетімді инфрақұрылым, тілдік бағдарламалар, бірлескен іс-шаралар) ол тұрақты мәдениетаралық қарым-қатынас формаларына айнала алады. Сауалнамалар мен сұхбат нәтижелері негізінде бюджеттiк туризмнің әлеуметтік-мәдени әсерін күшейтуге арналған ұсыныстар әзірленді: бейресми байланыстарға арналған инфрақұрылымды дамыту, жергілікті қолөнер мен мәдени бастамаларды қолдау, туристер мен тұрғындарға арналған мәдениетаралық оқыту бағдарламаларын енгізу. Осылайша, мақала тек қолжетімді туризм феноменін сипаттап қана қоймай, оның жергілікті бірегейліктің трансформациясына эмпирикалық түрде дәлелденген әсерін де көрсетеді, туризм саясатына мәдени аспектілерді енгізудің қажеттілігін айқындайды және тұрақты туризм мен мәдени мұраны сақтау саласындағы әрі қарайғы зерттеу бағыттарын белгілейді.