КРОСС-МӘДЕНИ АСПАЗДЫҚ КОНЦЕПЦИЯЛАР: ДӘСТҮРЛІ АС ҮЙЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ӨНЕРГЕ ЫҚПАЛЫ

Авторлар

  • Э. АЛИМКУЛОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Д. АТАШЕВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Э. АЛЬЖАНОВА Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • А. ЖАКСЫБЕК Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Кілт сөздер:

Қазақстан, кросс-мәдени ықпал, гастрономия, аспаздық өнер, Жібек жолы, этномәдени дәстүрлер, түркі асханасы, гастрономиялық туризм

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның аспаздық өнеріне кросс-мәдени ықпалдардың тарихи, географиялық және этномәдени факторлардың көрінісі ретіндегі талдауы берілген. Еуропа мен Азияның тоғысында орналасқан және Ұлы Жібек жолының бір бөлігі болған Қазақстан белсенді мәдени алмасу кеңістігіне айналып, бұл құбылыс гастрономия саласында да көрініс тапты. Негізгі ықпал көздері ретінде қытай, парсы, үнді және араб аспаздық дәстүрлері, сондай-ақ түркі және көшпелі халықтардың үлесі қарастырылады. Шай, күріш, жаңғақ, құрма сияқты ингредиенттер мен дайындау тәсілдерінің жергілікті гастрономияға табиғи түрде ену мысалдары талданады. Мал шаруашылығы мен көшпелі өмір салтына айрықша назар аударылып, олардың қазақ асханасында ет пен сүт өнімдерінің басымдығын айқындағаны көрсетіледі. Сонымен қатар гастрономиялық туризмнің қазіргі жағдайы – мәдениетаралық диалог пен мәдени мұраны сақтаудың құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде қазақ асханасы көпқабатты этноаспаздық және сыртқы ықпалдардың тоғысы болып табылатыны, оның тек бірегей ғана емес, сонымен қатар жаһандық гастрономиялық контексте болашағы зор екені дәлелденді.

Жарияланды

2025-09-29